Байланыс формасы

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 348 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 маусымда № 7043 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Р.Б. Исаева):
      1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                  С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 3 маусымдағы  
№ 348 бұйрығына       
қосымша           

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау
саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік
білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

р/с №

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Бөлінген орындардың саны

Мамандықтың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

5

1.

Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледж

270, оның ішінде 150 қазақ тілінде оқитындар
 

Емдеу ісі

112, оның ішінде 50 қазақ тілінде оқитындар, 20 - Ауғанстаннан келген тыңдаушылар

Мейірбике ісі

46, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

«Массаж» біліктілігі бойынша мейірбике ісі

16

Зертханалық диагностика

50, оның ішінде 50 қазақ тілінде оқитындар

Гигиена және эпидемиология

46, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

2.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

20

Мейірбике ісі Ауғанстаннан келген тыңдаушылар

20 - дайындық бөлімі

3.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

75, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

Мейірбике ісі

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

Зертханалық диагностика

25

Стоматология

25

4.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

50, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар
 

Зертханалық диагностика

25

Ортопедиялық стоматология

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

5.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

100, оның ішінде 100 қазақ тілінде оқитындар
 

Емдеу ісі

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

Акушерия іс

25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

Фармация

50, оның ішінде 50 қазақ тілінде оқитындар

6.

«Эмили» медициналық орталығы

25

Мейірбике ісі

25

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады