"Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 394 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 22 тамызда № 7138 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2014 № 862 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі № 29 Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6103 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2010 жылғы сәуір, № 4) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және оларды басқару құқығына арналған куәліктерді беру ережесіне:
      11-тармақтың 6-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жиырма бір жасқа толған, кем дегенде үш жыл жүргізуші өтілі бар, оның ішінде «С» санатына жататын көлік құралдарын кем дегенде бір жыл басқару өтілі бар адамдарға - «Д» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін, сондай-ақ троллейбустар мен трамвайларды басқару құқығын алуға».
      2. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Б.Б. Бисенқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетіне (Б.Б. Бисенқұлов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Қ. Қасымов

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 февраля 2010 года № 90 "Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств и Правил приема экзаменов и выдачи удостоверений на право управления отдельными видами транспортных средств"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 5 августа 2011 года № 394. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 августа 2011 года № 7138. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2014 года № 862

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 02.12.2014 № 862 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 15 июля 1996 года № 29 "О безопасности дорожного движения" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 февраля 2010 года № 90 "Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств и Правил приема экзаменов и выдачи удостоверений на право управления отдельными видами транспортных средств" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6103, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов Республики Казахстан, апрель 2010 года, № 4), следующее изменение:
      в Правила приема экзаменов и выдачи удостоверений на право управления отдельными видами транспортных средств, утвержденных указанным приказом:
      шестой абзац пункта 11 изложить в следующей редакции:
      "лицам, достигшим двадцатиоднолетнего возраста, имеющих стаж работы водителем не менее трех лет, в том числе стажа управления транспортными средствами, относящимися к категории "С", не менее одного года, - для получения водительского удостоверения категории "Д", а также права управления троллейбусами и трамваями;".
      2. Комитету дорожной полиции Министерства внутренних дел (Бисенкулов Б.Б.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора полиции Кулинич А.В. и Комитет дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Бисенкулов Б.Б.).
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    К. Касымов