"Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 501 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 24 қазанда № 7278 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2014 № 192 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Б.Б. Бисенқұлов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;

      2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетіне (Б.Б. Бисенқұлов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 501 бұйрығымен
бекітілген

"Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда,
азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік қызмет
РЕГЛАМЕНТІ
1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы "Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру" қызмет көрсету регламенті "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жүргізуші куәлігі - ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан бөлінісі жүргізушіде білім мен дағдылардың барын тексергеннен кейін көлік құралын басқаруға құқық беретін құжат;

      2) өтініш иесі - жүргізуші куәлігін алу үшін ішкі істер органына өтініш білдірген жеке тұлға.

      3. Мемлекеттік қызметті ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ЖП ТЕБ) көрсетеді.

      4. Мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

      5. Мемлекеттік қызмет:

      1) "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 10-бабы;

      2) "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабы;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт);

      4) "Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығы негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6103 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) көрсетіледі.

      6. Белгіленген үлгідегі (құжат қағаз тасымалдағышта) жүргізуші куәлігін беру немесе қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ЖП ТЕБ жұмыс кестесі.

      Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі (сейсенбі – жұма сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі сағат 08.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін). ЖП ТЕБ орналасқан жері туралы ақпарат Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

      8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

      1) Үкіметтің электрондық порталында;

      2) электрондық Үкіметтің порталында;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) веб-сайттарында (www.mvd.kz);

      4) ІІМ Жол полициясы комитетінің "Заңнама" бөлімінде (www.zholpolice.kz);

      5) облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) веб-сайттарында, Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ТЕБ үй-жайларында, стендтерде және ақпараттық тақталарда орналастырылған.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

      1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 6 сағаттан аспауы тиіс;

      2) өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызмет көрсетілгенге дейін кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты - 30 минуттан аспауы тиіс;

      3) өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғарғы шекті уақыты - 40 минуттан аспауы тиіс.

      10. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартылады.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

      1) өтініш иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру;

      2) емтихан қабылдау;

      3) суретке түсіру;

      4) жүргізуші куәлігін өндіру;

      5) жүргізуші куәлігін беру.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды бір адам, ЖП ТЕБ-тің жауапты қызметкері жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер
(өзара іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы

      13. Көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алу үшін өтініш иесі ЖП ТЕБ-ке Стандарттың 11-тармағында көзделген тізбені ұсынады.

      14. Өтініш иесі жүргізуші куәлігін алу мәселесі бойынша өтініш білдірген кезде ЖП ТЕБ-тің жауапты қызметкері ұсынылған құжаттардың көрсетілген Бұйрықпен бекітілген жеке түрдегі көлік құралдарын басқару құқығына берілетін куәліктерді және емтихандарды қабылдау Ереженің 19-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді.

      15. Ұсынылған құжаттардың тексеру нәтижелері бойынша ЖП ТЕБ емтихандық комиссиясы өтініш иесінен теориялық емтихан қабылдайды, ол компьютерлік тест арқылы 40 минут ішінде арнайы жабдықталған класта жүргізіледі. Теориялық емтиханды табысты тапсырған жағдайда өтініш иесі практикалық емтихан тапсыруға жіберіледі. Практикалық емтиханды тапсыру ұзақтығы маршрутта 20 минуттан кем болмауы тиіс.

      Өтініш иесі теориялық және практикалық емтиханды тапсырғаннан кейін ЖП ТЕБ қызметкері он минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.

      Бұдан кейін ЖП ТЕБ қызметкері құжаттарды ЖП ТЕБ операторына жолдайды. ЖП ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін:

      1) өтініш иесін суретке түсіреді;

      2) жүргізуші куәлігін алу үшін өтініш иесінің электрондық есептерінің жұмыс істеуі үшін қажетті тіркеу деректерін жинауды жүзеге асырады;

      3) дайындалған жүргізуші куәлігін ЖП ТЕБ қызметкеріне береді;

      4) ЖП ТЕБ қызметкері осы регламенттің 9-тармағының 3) тармақшасымен белгіленген мерзімде өтініш иесіне жүргізуші куәлігін береді.

      16. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімдер) орындау мерзімін көрсете отырып, құрылымдық-фунционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік іс-әрекеттердің реті және өзара іс-қимыл жасасуының мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

      17. Осы регламенттің 2-қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсету мен ҚФЕ процесінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысын көрсететін сызба көрсетілген.

  "Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге
асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік
құралдарын сенімхат бойынша
басқаратын адамдарды тіркеу"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

1-кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі процестің әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы)

1

Әрекеттің (жұмыс барысы, ағымы) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

ЖПБ

ЖПБ

ЖПБ

3

Әрекеттің (процесс, рәсім, операциялар) атауы және олардың сипаттамалары

өтініш иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

ААІЖ жүйесінде қажетті тіркеу деректерін тіркеу

Сенімхат беру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Арнайы есептер бойынша тексеру

Сенімхатқа арнайы мөртабан қояды


5

Орындау мерзімі

20 минут

20 минут

5 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3


  "Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге
асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік
құралдарын сенімхат бойынша
басқаратын адамдарды тіркеу"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

Функционалдық өзара іс-қимыл жасасу сызбасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады