Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 қарашада № 7297 тіркелді.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдiстемесi бекітілсін (бұдан әрі - Әдістеме).

      2. Жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерiн қалыптастыру кезінде Әдістеме ережелерін басшылыққа алсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль және су көлігі департаменті (Б.А.Жансүгіров) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ж.Дүйсебаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Камалиев

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
Министрінің
2011 жылғы 13 қазандағы
№ 614 бұйрығымен
бекітілген

Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау
жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдiстемесi

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 15.05.2015 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдiстемесi (бұдан әрі – Әдістеме) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерiн есептеудің бірыңғай әдiстемелік негізін қамтамасыз етуге арналған.

      2. Әдістеме тұрақты республикаiшiлiк (қалааралық облысаралықтан басқа) автомобиль тасымалдарына (бұдан әрі – тасымалдаушылар) қызмет көрсететін барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      Қалааралық облысаралық жолаушыларды тасымалдау тарифін тасымалдаушылар өздігінен бекітеді.

      3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауға тарифтермен байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Жолаушылар мен жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы 2000 жылғы 22 ақпандағы № 38 конвенциямен (бұдан әрі – Конвенция), сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттеледі.

2. Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерін белгілеу тәртібі

      4. Тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңы және әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделіне сәйкес қызмет көрсетілетін маршруттар бойынша жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға өздерінің есептік тарифтерін есептейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қалалық (ауылдық) маршруттарда жолаушылардың жол жүру құны бес теңгеге еселік сомаға дейін математикалық дөңгелектеумен орташаланған тарифті негізге ала отырып, осы қаланың (ауылдың) барлық маршруттары үшін "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қырқүйектегі Заңының 13-бабымен айқындалған жолаушылардың жекелеген санаттары үшін қолданыстағы жеңілдіктерді ескере отырып, бірыңғай болып белгіленеді.

      6. Анықталған тарифтер және қала маңындағы (жеке елді мекендерге бағдарлануына байланысты) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік маршруттарға арналған тиісті қозғалыс кестесі бойынша аялдау пункттерінің арасындағы арақашықтық негізінде маршруттардың аялдау пункттерінің арасындағы жолаушылардың жол жүру құны белгіленеді және маршруттар бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 26 наурыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11002 тіркелген) (бұдан әрі - Үлгі шарт) ақпаратқа сәйкес жол жүру құнының кестесі (тарифтік кесте) жасалады.

      7. Тұрақты маршруттарда багажды тасымалдау құны тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру құнына багажда тасымалдау құнының еселік коэффициенттерін негізге ала отырып, осы Әдістемеге

      2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      8. Тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру құны мынадай жағдайларда:

      1) оларға байланыссыз баға факторлары бойынша (отын және жағармай материалдарының, автошиналардың, аккумуляторлар мен қосалқы бөлшектердің бөлшек бағасының қымбаттауы немесе төмендеуі) тасымалдаушылардың нақты шығыны 10 %-дан артық өзгерген кезде;

      2) тараптар келіскен маршрут сипаттамаларымен салыстырғанда кірістердің 15 %-дан артық төмендеуіне әкелген жол жамылғысының, ауа-райының нашарлауы сияқты тасымалдау шарттарының тасымалдаушылар үшін қолайсыз өзгерулері кезінде түзетіледі.

      9. Жаңадан ашылған тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру және багажды тасымалдау құны тасымалдаушылармен Үлгі шартқа сәйкес тиісті Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартын жасасу күніндегі қолданыстағы орташаланған тарифті негізге ала отырып белгіленеді.

  Тұрақты маршруттар бойынша
жолаушылар мен багажды тасымалдау
жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер
есептеу әдістемесіне
1-қосымша

Жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерiн қалыптастыруды
экономикалық-математикалық моделі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Есептік тарифтерді белгілеу тәртібі

      1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерiн қалыптастыруды экономикалық-математикалық моделі (бұдан әрі - Модель) тұрақты маршруттардың барлық түрлерінің автобустарында (шағын автобустарында) жол жүру тарифтерін негіздеу бойынша есептеу технологиясының әдістемелік біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады, бұл есептеулер біріздендірілген мынадай түрдегі экономикалық-математикалық модельдерді пайдалану арқылы орындалады:



      формула (1)

      мұнда: Те – осы маршрут үшін есептік тариф;

      З i – осы Модельдің 2-тарауында белгіленген тәртіппен есептелінетін шығыстардың барлық і -баптары бойынша (Отын, Жанармай материалдары, Автобустарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету, Автошиналарды ауыстыру және жөндеу, Автобустардың амортизациясы, Жүргізушілер мен кондукторлардың еңбек ақысы, Істеме шығыстар) осы маршрутқа қызмет көрсетуге арналған тасымалдаушының нормативтік (есептік) шығындарының жалпы жылдық немесе жылдың соңына дейін сомасы;

      Q r нақты – осы Модельдің 3-тарауында белгіленген алдынғы жыл үшін тасымалданған жолаушылардың нақты саны;

      Q r есеп - осы Модельдің 3-тарауында белгіленген жылы айлар санына көбейтілген бір айда тасымалданған жолаушылардың нақты санына сүйене отырып, болжамдалған жолаушыларды тасымалдау саны;

      Ке – 1,15 тең осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша тасымалдаушы шығындарына есептік рентабелділігі коэффициенті (15% ретінде қолданылады);

      Кққс – 1,12 тең қосылған күн салығының коэффициенті (12% ретінде қолданылады).

2-тарау. Пайдалану шығыстарының баптары бойынша тасымалдаушының
шығындарын ірілендірген есептеу тәртібі

      2. Тұрақты автобус маршрутына қызмет көрсетуге шығындардың баптары бойынша нормативтік пайдалану шығыстарының ірілендірілген есептеулері мынадай тәртіпте орындалады:

      1) осы маршрутқа қызмет көрсетуге пайдаланылатын автобустардың жалпы жүрісіне есептелген автомобиль отынына жұмсалатын шығыстар есептік тарифтерді жүзеге асыру күніне белгіленген қолданыстағы барлық әдістемелерді және 1 литр бензиннің (дизельді отынның, газдың) бөлшек құнын ескере отырып, 100 км-ге жұмсалатын отынның базалық нормасына сүйене отырып белгілейді:

      Зо = 0,01 Х Lжалпы х НТ х КН х ЦТ,

      формула (2)

      мұнда: Зо – автомобиль отыны шығындары;

      0,01 – 100 км-ден 1 км-ге отын шығындарын есептеу;

      Lжалпы – формула бойынша есептелінетін маршрутқа қызмет көртесу кезіндегі автобустардың жалпы жылдық жүрісі;

      НТ – автобустың 100 км жүрісіне литрлердегі отынды жұмсаудың базалық нормасы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Отын шығынының нормасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы қаулысына сәйкес анықталады;

      КН – маршрутта автобустардың нақты жұмыс жағдайы үшін базалық нормаға үстемелердің жиынтық коэффициенті Отын шығысының нормасына сәйкес анықталады;

      Цо – тариф есептеу күніне жазғы және қысқы отын түрлерін пайдалануды ескере отырып, 1 литр отынның орташа жылдық бөлшек құны.

      Lжалпы = Др х Ам (n х lра + lо),

      формула (3)

      мұнда: Lжалпы – автобустардың жалпы жылдық жүрісі;

      Др – бір жылда маршрутқа қызмет көрсету күндерінің саны (тәулік сайын жұмыс режимі кезінде Др = 365);

      n – маршруттағы күн сайынғы рейс айналымының саны;

      lра – маршруттағы рейстер айналымының арақашықтығы, км;

      lо – күн сайынғы нөлдік жүріс, км.

      Егер маршрут сипаттамасының көрсеткіштері жұмыс және демалыс күндері бойынша әртүрлі мәндерде болса, онда автобустардың жалпы жылдық жүрісі жұмыс және демалыс күндері бойынша осы шамаларды қосу арқылы жеке анықталады.

      Цо – тариф есептеу күніне жазғы және қысқы отын түрлерін пайдалануды ескере отырып, 1 литр отынның орташа жылдық бөлшек құны мына формула бойынша анықталады:



      формула (4)

      мұнда: Мқыс., Мжаз. - Ккл мәнін анықтайтын (климат коэффициенті) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысымен бекітілген ЖЖМ шығыс нормалары анықтамасының 10-кестесі бойынша кезең ішіндегі өңір бойынша анықталған жылға қыс және жаз айлары саны.

      Цқ.о., Цж.о. – тарифті есептеу күніне бөлшек отын құны (қысқы және жазғы).

      Жазғы кезеңде тарифті есептеу кезінде алдынғы қысқы кезеңде қалыптасқан 1 литр қысқы отын бағасына негізделеді;

      2) майланатын материалдар шығыстары автомобиль отын шығыстарынан 10% тең:

      Зжм = Зо х 0,1

      формула (5)

      мұнда: Зжм – жанар-жағармай материалдарының шығындары;

      3) жөндеу жүргізуге және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар осы маршрутқа қызмет көрсетуге бекітілген автобустар құнынан

      10% (пайдалану мерзімі 3 жылға дейін автобустар үшін), 15% (пайдалану мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейін автобустар үшін) және 20% (пайдалану мерзімі 7 жылдан астам автобустар үшін) ретінде қолданады.

      Бұдан:

      Зжт = Крт х Ам х Кр х Ц,

      формула (6)

      мұнда: Зжт – жөндеу жұмыстарына және техникалық қызмет көрсетуге шығындар;

      Крт – автобустарға жөндеу жүргізуге және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар;

      Ам – кесте бойынша маршрутқа бір күнге автобустар саны;

      Кр – автобустар резервінің коэффициенті, (1,2 ретінде тең шығындарды есептеу үшін алынатын кесте бойынша автобустар маршруттарына бекітілгендердің жалпы санының маршрутқа жеткізуге жататын автобустардың санына қатынасы);

      Ц – маршрутта бекітілген 1 автобустың құны, теңгемен.

      Өндіруші зауыттан немесе ресми делдалдардан сатып алынған жаңа автобустар үшін алынған уақыттан бастап үш жылға дейін сатып алу құны болады.

      Екінші рыноктардан сатып алынған автобустар үшін, сондай-ақ жалға алынған автобустар үшін – бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен анықталған орташа нарық құны. Автобустарды қайтадан бағалау оны өндіруші зауытпен шығарған кезеңнен бастап әр үш жыл сайын жүзеге асырылады;

      4) маршруттағы автобустардың жылдық жүрісіне есептелген автошиналарды пайдалану шығыстарын мынадай формула бойынша анықтауға болады:



      формула (7)

      мұнда: Зш – автошинаға шығындар;

      Цш – бір шина жиынтығының орташа сатып алу бағасы (шина, камера, жиек таспасы), есептеу кезінде теңгемен;

      m – автобустағы доңғалақ саны (қосалқы доңғалақсыз);

      Lжалпы – маршрутқа қызмет көрсету кезіндегі автобустардың жалпы жылдық жүрісі;

      ш – автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасы Отын шығысының нормасына сәйкес анықталады, км;

      Кш – автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасын түзету коэффициенті Отын шығысының нормасына сәйкес анықталады;

      5) маршрутта бекітілген автобустар бойынша амортизациялық аударымның жылдық сомасы олардың жалпы жүрісіне есептегенде
мынаған тең:

      За = 0,15 х Ам х КР х Ц,

      формула (8)

      мұнда: За – амортизация шығындары;

      0,15 – автокөлік бойынша амортизация нормасы 15% мөлшерде;

      Кр – автобустар резервінің коэффициенті.

      6) маршрутқа қызмет көрсету бойынша жүргізушілер мен кондукторлардың (автобус экипаждары) жалақысының жалпы жылдық сомасы мынадай формула бойынша анықталуы мүмкін:

      Зжа = (Мр Х (ZВ х Nв + ZК х Nк) х Ам х К)х1,2

      формула (9)

      Мұнда: Зжа – жалақы шығындары;

      Мр – бір жылда маршрутқа қызмет көрсетілетін айлардың саны (жұмыстың тәулік ішінде режимі кезінде Мр = 12);

      ZВ және ZК – автобус жүргізушісінің орташа айлық жалақысы өтінім бергеннің алдындағы тоқсан негізінде статистика деректері бойынша қалыптасқан тасымалдаушы тіркелген аумақтағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы деңгейінде белгіленеді. Кондуктордың орташа айлық жалақысы жүргізушінің жалақысының 70% деңгейінде белгіленеді;

      Nв (Nк) – маршрутта әр автобусқа бекітілген жүргізушілердің (кондукторлардың) нормативтік саны;

      К – тасымалдаушының есептік деректерімен расталған сомада еңбек жалақысы мен қызметкерлерді сақтандыруға әлеуметтік есептеуін есепке алатын коэффициент.

      1,2 – аурулық, еңбек, бала күтімі демалыстарындағы, оқудағы жұмысшылардың есептеулерін ескеретін түзету коэффиценті;

      7) үстеме шығыстардың нормативті сомасы осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша шығындардың тікелей баптарының жиынтық сомасынан
20% құрайды және мына формула бойынша анықталады:

      Зү = 0,2 (Зт + Зжм + Зжт + Зш + За + Зжа)

      формула (10)

      Мұнда: Зү – үстеме шығыстар шығындары.

      Үстеме шығыстарды есептеу сомасы өндіріс шығындарына жататын барлық салық және алымдар түрлерін (қосалқы құн салығы мен кірістің корпоративтік салығынан басқа) қамтиды.

      3. Маршрутқа қызмет көрсету шығындарының жалпы сомасы (Зi) шығыстар баптары бойынша есептеулердің нәтижелерін қосу арқылы анықталады:

      Зi = Зт + Зжм + Зжт + Зш + За + Зжа + Зү + Засп,

      формула (11)

      Мұнда: Засп – автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін есепке алатын шығыстар;

      Қалалық маршруттар үшін Засп = 0, өйткені қалалық маршруттардың тасымалдаушылары автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін пайдаланбайды;

      Алынған нәтиже жолаушының тұрақты маршруты автобусындағы жол жүру тарифін есептеу формуласына (1) ұсынылады.

3-тарау. Жолаушыларды тасымалдау санын жалпы жылдық
және жылдың соңына дейінгі бекітілген (болжанатын) есептер тәртібі

      4. Айлар бойынша есептеуден шығатын жолаушыларды тасымалдау санын жалпы жылдық бекітілген (болжанатын) есебі мынадай тәртіпте орындалады:

      1) Қайтадан ашылған жолаушылар тасымалының болжамды көлемі (саны) ай ішінде маршрутта жолаушылар тасымалының күнделікті нақты зерттеулер нәтижелері бойынша және мына формула бойынша анықталады:

      Q r.есеп = Q ай х 12;

      формула (12)

      мұнда: Q r.есеп – маршруттағы жолаушылар тасымалының жалпы болжамды жылдық көлемі;

      Q ай – нақты зерттелген айда тасымалданған жолаушылардың саны;

      12 – жылдағы айлар саны;

      2) қолданыстағы маршруттағы бір жылда тасымалданған жолаушылардың болжамды көлемі (саны) аталған маршрут бойынша өткен жылдың тасымалданған жолаушылар көлеміне сүйене отырып анықталады және Q r.нақты ретінде пайдаланылады.

      Алынған нәтиже тұрақты маршрут автобусында жолаушылар жүрісіне тарифті есептеу формуласына (1) ұсынылады.

4-тарау. Есептік тарифті анықтау кезінде пайдаланылатын материалдар және ақпарат

      5. Маршрут бойынша бастапқы деректер:

      1) жүрудің бастапқы және соңғы пункті бойынша маршруттың нөмірі мен атауы;

      2) маршруттардағы тікелей (алымындағы) және кері (бөліміндегі) бағыттардағы маршрутаралық пункттердің саны;

      3) маршруттың тікелей және кері бағыттардағы ұзақтығы;

      4) маршруттағы тікелей және кері бағыттардағы қозғалыстың орташа пайдалану жылдамдығы;

      5) жұмыс және демалыс күндеріндегі рейстер айналымының саны;

      6) рейстер айналымын орындауға арналған кесте бойынша уақыт;

      7) жолаушылар ағыны (есептеу, болжам бойынша);

      8) маршруттағы жұмыстың басталуын және аяқталуын көрсетумен жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша жұмыс істеу уақыты;

      9) маршруттағы жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша автобустардың саны;

      10) маршруттағы жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша автобустар қозғалысының аралығы;

      11) маршруттағы жолаушылардың отыруы үшін және жалпы орны бойынша автобустардың паспорттық сыйымдылығы (жинақтаушы алаңның сыйымдылығын ескере отырып);

      12) автобустар маркасы (маршруттар тізіліміне сәйкес).

      6. Тасымалдаушы маршрут бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы растаушы құжаттарды пайдаланады:

      1) билеттерді өткізу бойынша есеп;

      2) жолаушыларды тасымалдаудан түсетін қаржылық қаражаттар туралы есеп.

  Тұрақты маршруттар бойынша
жолаушылар мен багажды тасымалдау
жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер
есептеу әдістемесіне
2-қосымша

Тұрақты маршрутта багаж тасымалдау құнының жолаушыларды
тасымалдау құнына еселік коэффициенттері

Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдаудың тұрақты маршрут түрі

Жолаушыларды тасымалдау құнына багаждың бір орны үшін тарифтің еселігі

Қалалық

1,0

Қала маңылық

0,2

Ауданішілік және облысішілік

100 км-ге дейін

0,2

500 км-ге дейін

0,15

500 км-ден жоғары

0,10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады