Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 желтоқсанда № 7363 тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 4) тармақшасын іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі бекітілсін.

      2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә.Нұрмағамбетов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3) Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5343 тіркелген, 2008 жылғы 7 қарашадағы № 170 (1570) "Заң газетінде" жарияланған);

      2) "Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 528 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5947 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195 "Заң газетінде" жарияланған).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б.Шаяхметовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін


атқарушы

М. Сарыбеков


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
міндетін атқарушысының
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 503 бұйрығымен
бекітілді

Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру
және оның жұмыс істеу
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасындағы Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ББАЖ) ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін, оның құрылымы мен міндеттерін анықтайды.

      2. ББАЖ-ның мақсаты білім беру ұйымдарын, білім беруді басқару органдарын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қызметі туралы толық, сенімді және салыстырмалы ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз ету болып табылады.

      3. ББАЖ-ның міндеттері:

      1) білім беру мониторингін және білім беруді басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің қатысушылары мен элементтерін бірдейлендіру;

      3) білім беру ұйымдарының қызметі, кадрлық құрамы және білім алушылардың жетістіктері туралы мәліметтерді жинақтау және өңдеу процесін автоматтандыру;

      4) талдау және ақпараттық мәліметтердің мекен-жайлық ұйымдары:

      әрбір білім алушы бойынша;

      әрбір білім беру қызметкері бойынша;

      әрбір білім беру ұйымы бойынша.

      5) Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін ұйымдастыру;

      6) интернет-ресурстары және/немесе мобильдік байланыс арқылы оқушылардың жетістігі туралы қоғамды хабардар ету;

      4. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:

      1) ақпараттық жүйе - қорландыру, сақтау, арнаулы өзгеріс және деректерді қашықтықтан жіберуді қамтамасыз ететін (бейінді мамандар мен автоматтық техникалық құралдардың бірге қатысуын болжамдайтын) ақпараттың автоматтандырылған өңделу жүйесі;

      2) деректер базасы - қандай да бір объектінің ақпараттық моделі ретінде бірге сақтау, автоматтандырылған енгізу және әкімшілік етуге арналған деректердің жүйелендірілген жиынтығы;

      3) бағдарламалық қамтамасыз ету - компьютерлік бағдарламалар мен белгілі бір мәселелерді шешуге арналған және аппараттық құралдармен қатар тасымалдайтын машиналарда сақталатын деректерді қосатын ақпараттық технологиялардың маңызды құрамдас бөлігі. Бағдарламалық қамтамасыз ету басқа бағдарламаларда қолдану үшін берілген мәліметтер немесе процессор үшін нұсқаулықтар тізбегі түрінде іске асырылған алгоритм болып табылады.

2. ББАЖ-ны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуінің тәртібі

      6. ББАЖ (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық деңгей және білім беру ұйымдарының деңгейі) білім беру ұйымдарымен басқару иерархиясы негізінде ұйымдастырылады және жұмыс істейді.

      7. ББАЖ-ны ұйымдастыру өңірлік тиістілікті және білім беруді дамытудың өңірлік бағдарламаларының ерекшеліктерін ескереді.

      8. ББАЖ ақпараттық ортада деректер ағынын ұйымдастыруды бес бағыт бойынша жүзеге асырады:

      1) ақпараттық - Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қамтамасыз ету;

      2) әкімшілік - білім беруді басқарудың барлық деңгейінде басқару шешімдерін ақпараттық қамтамасыз ету;

      3) оперативтік - желілік мониторинг және әкімшілік ету, деректерді резервтік сақтау және өңдеу жүйесін іске асыру, оперативті-техникалық персоналдық техникалық байланысын ұйымдастыру;

      4) технологиялық - ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету, ағымдағы талаптарға байланысты ішкі жүйелерді құрылымдау, бірыңғай технологиялық кешен мен әдістемелерді қалыптастыру, инновациялық технологияларды қолдану, оңтайландыру және технологиялық консалтинг;

      5) нәтижелілік - білім беру ұйымдарына енгізілген ақпараттық жүйе арқылы оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуының жедел мониторингі және оны бағалау.

      9. ББАЖ-ны ұйымдастыру төмендегі бағыттар бойынша білім алушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуын болжайды:

      1) педагогтар және білім алушылардың форумдары мен чаттары;

      2) білім бері ұйымдарының web-порталдары.

      10. ББАЖ-ны ұйымдастыру кезінде білім беру қызметкерлерін оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

      1) білім беру желісінің операторлары мен әкімшілерін сертификаттау;

      2) білім берудің техникалық қызметкерлері үшін оқыту семинарлары;

      3) білім берудің педагогикалық қызметкерлері үшін оқыту семинарлары;

      4) барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының басшыларына арналған оқыту семинарлары;

      5) жарияланатын әдістемелік әдебиеттерді қолдану арқылы ББАЖ-ның элементтерімен жұмыс істеуге өз бетінше оқыту.

      11. ББАЖ-да апаттар, табиғат катаклизмдері, техногендік апаттар болған жағдайда аналитикалық жұмыстар мен қалпына келтіру мақсатында білім беру жүйесі қызметінің Ұлттық білім беру базасын, деректер базасын, ашық қорларды және ББАЖ-ның техникалық жағдайын жүргізу жүзеге асырылады.

      12. ББАЖ-ның терминалдары мен интерфейстері қазақ және орыс тілдеріне аударылған болу керек.

      13. ББАЖ-ны ұйымдастыру аппараттық-бағдарламалық құралдарына қойылатын жүйелік талаптар негізінде жүзеге асырылады:

      ББАЖ-ның негізгі жүйелік талаптары:

      1) біріктірілу – жүйе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттар талаптарына сәйкес болу керек;

      2) интероперабелдік – жүйе басқа жүйелермен қарым-қатынас жасауға мүмкүндік беріп керекті жағдайда ол жүйелердің ақпараттық ресурстарына бағытталу керек;

      3) масштабтау - бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылардың саны және өңделген ақпарат көлемінің арту өлшемі бойынша жүйенің даму мүмкіндігін кепілдендіретін салынымдық үнем көзқарасымен ауқымдалады;

      4) кеңею - пайдаланушылардың спецификалық қажеттіліктеріне сәйкес бастапқы қабылданған дамыту тұжырымдамасының және технологиялық базасының шегінен шықпай жүйенің функционалдық әлеуетінің үдеу мүмкіндігі;

      5) бейімделу - Қазақстан Республикасының Заңнамалары мен білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды, ұсынылатын нормативтік құжаттарын есепке ала отырып нақты ұйымдардың ерекшеліктеріне арналған автоматты баптау мүмкіндігі;

      6) ББАЖ-ның аппараттық–бағдарламалық жүйесі дүние жүзіндегі озық технологиялардың деңгейіне сәйкес келу керек.

      14. ББАЖ-ның жұмыс жасауы келесіге мүмкіндік туғызады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтарының алдында білім беру ұйымдарының және білім беруді басқару органдарының ашық есептерін дамыту;

      2) электрондық қызметтерді көрсету;

      3) білім беру ұйымдарының және білім беру басқармаларының қатысуымен ашық форумдар ұйымдастыру;

      4) инновациялық методикалық материалдарды жариялау және ашық талқылау;

      5) аумақтық белгі бойынша ашық рейтингтік жүйенің іс-әрекет жасауы;

      6) ата-аналар қауымына ағымдағы және кезең үлгерімі және келушілер саны бойынша жиынтық жасау;

      7) Министрлікке және оның ағымдағы және кезең үлгерімі және келушілер саны бойынша жиынтық жасау.

      15. ББАЖ жергілікті желіде және коммуникацияда жұмыс жасайды.

      16. ББАЖ-ның техникалық сүйемелдеуі тиісті профильдегі сертификатталған мамандармен жасалынады.

Об утверждении Правил организации и функционирования единой информационной системы образования

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 503. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2011 года № 7363.

      В целях реализации подпункта 4) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации и функционирования единой информационной системы образования.

      2. Департаменту стратегического планирования и информационных технологий (Нурмагамбетов А.А.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после прохождения государственной регистрации опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации.

      3. Признать утратившим силу:

      1) приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 октября 2008 года № 548 "Об утверждении Правил организации и функционирования единой информационной системы образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 5343, опубликованный в "Юридической газете" от 7 ноября 2008 г. № 170 (1570)).

      2) приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 ноября 2009 года № 528 "О внесении дополнений и изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 октября 2008 года № 548 "Об утверждении Правил организации и функционирования единой информационной системы образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 5947, опубликованный в "Юридической газете" от 24 декабря 2009 г. № 195).

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Шаяхметова С.Б.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении тридцати календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И. о. министра

М. Сарыбеков


  Утверждены
приказом И.о. министра
образования и науки
Республики Казахстан
от 1 декабря 2011 года № 503

Правила
организации и функционирования единой информационной системы
образования
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации и функционирования единой информационной системы образования (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и определяют порядок организации и функционирования единой информационной системы образования (далее - ЕИСО), ее структуру и задачи.

      2. Целью ЕИСО является своевременное обеспечение организаций образования, органов управления системы образования полной, достоверной и сопоставимой информацией о деятельности системы образования Республики Казахстан.

      3. Задачами ЕИСО являются:

      1) осуществление образовательного мониторинга и информационное обеспечение системы управления образованием;

      2) идентификация участников и элементов системы образования Республики Казахстан;

      3) автоматизация процессов сбора и обработки сведений о деятельности организаций образования, кадрового состава и достижениях обучающихся;

      4) адресная организация аналитических и информативных сведений:

      по каждому обучающемуся;

      по каждому работнику образования;

      по каждой организации образования.

      5) организация единого информационного пространства системы образования Республики Казахстан;

      6) информирование общественности о достижениях учащихся посредством Интернета и/или мобильной связи.

      4. Основные понятия, используемые в настоящих правилах:

      1) информационная система - система автоматизированной обработки информации (предполагающая совместное участие профильных специалистов и автоматических технических средств) которая будет обеспечивать накопление, хранение, целевое преобразование и дистанционную передачу данных;

      2) база данных - систематизированная совокупность данных, предназначенных для совместного хранения, автоматизированного ведения и администрирования в качестве информационной модели какого-либо объекта;

      3) программное обеспечение - наряду с аппаратными средствами, важнейшая составляющая информационных технологий, включающая компьютерные программы и данные, предназначенные для решения определенного круга задач и хранящиеся на машинных носителях. Программное обеспечение представляет собой либо данные для использования в других программах, либо алгоритм, реализованный в виде последовательности инструкций для процессора.

2. Порядок организации и функционирования ЕИСО

      6. ЕИСО организуется и функционирует на основе иерархии управления организациями образования (республиканский, областной, городской, районный уровни и уровень организации образования).

      7. Организация ЕИСО учитывает региональную принадлежность и особенности региональных программ развития образования.

      8. ЕИСО осуществляет организацию потоков данных в информационной среде по пяти направлениям:

      1) информационному - обеспечение единого информационного пространства системы образования;

      2) административному - информационное обеспечение управленческих решений на всех уровнях управления образованием;

      3) оперативному - реализация систем сетевого мониторинга и администрирования, резервного хранения и обработки данных, организация технической связи оперативно-технического персонала;

      4) технологическому - ресурсное и кадровое обеспечение, структуризация подсистем в зависимости от текущих требований, формирование единого технологического комплекса и методик, использование инновационных технологий, оптимизация и технологический консалтинг;

      5) результативному - оперативный мониторинг и оценка успеваемости и посещаемости учащихся посредством информационной системы, внедренной в организациях образования.

      9. Организация ЕИСО предполагает развитие единого информационного пространства для обучающихся по следующим направлениям:

      1) форумы и чаты обучающихся и педагогов;

      2) web-порталы организаций образования.

      10. При организации ЕИСО должна осуществляться подготовка и повышение квалификации пользователей в следующих формах:

      1) сертификация операторов и администраторов образовательных сетей;

      2) обучающие семинары для системных администраторов;

      3) обучающие семинары для педагогических работников образования;

      4) обучающие семинары для руководителей организаций образования и органов управления образованием всех уровней;

      5) самостоятельное обучение работе с элементами ЕИСО, с использованием публикуемой методической литературы.

      11. В ЕИСО осуществляется ведение Национальной образовательной базы данных о деятельности системы образования, баз данных, открытых ресурсов и технического состояния ЕИСО с целью аналитической работы и восстановления в случае аварий, природных катаклизмов, техногенных катастроф.

      12. Интерфейс терминалов и приложений ЕИСО должен быть локализован на казахский и русский языки.

      13. Организация ЕИСО осуществляется на основе системных требований к аппаратно-программным средствам.

      Основными системными требованиями к ЕИСО являются:

      1) совместимость - система должна обеспечивать требования стандартов в области информационно-коммуникацонных технологий;

      2) интероперабельность - система должна обеспечивать возможность взаимодействия с другими системами при необходимости обращения к информационным ресурсам этих систем;

      3) масштабируемость - система должна обеспечивать возможность увеличения производительности системы по мере роста объема обрабатываемой информации и количества одновременно работающих пользователей;

      4) расширяемость - система должна обеспечивать возможность наращивания функций системы, не выходя за рамки принятой изначально концепции развития и технологической базы, в соответствии со специфическими потребностями пользователей;

      5) локализация - система должна обеспечивать поддержку национальных требований и стандартов документооборота, организации процесса обучения в системе образования Республики Казахстан.

      6) аппаратно-программные средства ЕИСО должны соответствовать уровню передовых мировых технологий.

      14. Функционирование ЕИСО способствует:

      1) развитию открытой отчетности организаций образования и органов управления образования перед гражданами Республики Казахстан;

      2) предоставлению электронных услуг;

      3) организации открытых форумов с участием руководителей организаций и управлений образования;

      4) публикации инновационных методических материалов и открытого их обсуждения;

      5) функционированию открытой рейтинговой системы по региональному признаку;

      6) сбору и предоставлению информации о текущей и этапной успеваемости и посещаемости учащихся организаций образования для родительской аудитории;

      7) сбору и анализу информации о текущей и этапной успеваемости и посещаемости учащихся организаций образования для Министерства и его структурных подразделений.

      15. Функционирование ЕИСО осуществляется в существующих сетях и коммуникациях.

      16. Техническое обслуживание ЕИСО, производится сертифицированными специалистами соответствующего профиля.