Байланыс формасы

Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 ақпанда № 7412 тіркелді.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасы бекітілсін.

      2. Тұрғын үй шаруашылық департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

С. Нокин

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      Г. Әбдіқалықова _____________

      2011 жылғы 14 желтоқсан

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      А. Мамытбеков _____________

      2011 жылғы 22 желтоқсан

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігінің төрағасы

      А. Смаилов _____________

      2012 жылғы 9 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігінің
2011 жылғы 05 желтоқсандағы
№ 471 бұйрығымен
бекітілген

Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй
қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының
(азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеудің қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібін белгілейді.

2. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың)
жиынтық табысын есептеу тәртібі

      2. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді.

      Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде оның құрамында бiрге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргiзетiн және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекенде тiркелген отбасының барлық мүшелерi ескерiледi.

      3. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысына осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі – есептік кезең) табыстың барлық түрлері есептеледі.

      4. Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде, отбасының келген мүшесiнiң табысы келген күнiнен бастап есепке алынады. Есептi кезеңде отбасының мүшесi кеткен кезде отбасының жиынтық табысы кеткен күнiнен бастап отбасының кеткен мүшесiне келетiн орта есеппен жан басына шаққандағы табыс шегерiле отырып есептеледi.

      5. Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы есептi кезеңдегi отбасының (азаматтың) жиынтық табысын көрсетiлген кезеңдегi айлардың санына бөлу жолымен есептеледi.

      6. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, осы табыс алынған күнгі нақты бағам бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.

      7. Зат түрінде алынған табыстар отбасының (азаматтың) жиынтық табысында өтініш берушінің алған табысы туралы мәліметтерде көрсеткен ақшалай баламасымен есептеледі.

      8. Өтiнiш берушi толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтер ұсынған кезде отбасының (азаматтың) жиынтық табысы есептелмейді.

      Өтiнiш берушi тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келетін толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтер ұсынған кезде өтініш иесі мен оның отбасына тұрғын үй көмегін көрсету тоқтатылады.

      9. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi есепке алынады:

      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;

      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;

      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс;

      4) жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;

      5) осы Қағиданың 33-тармағында көрсетілген өзге де табыстар.

      10. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде:

      1) жерлеуге берілген біржолғы жәрдемақы;

      2) тұрғын үй көмегі;

      3) төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтемақысы;

      4) бала тууына байланысты берілген біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

      5) білім беру саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес табысы аз отбасылардың оқушыларына білім беру мекемелерінде көрсетілетін қаржылай және материалдық көмек;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден ақшалай және зат түрінде көрсетілген көмек;

      7) "Бота" Қоғамдық қорынан берілетін шарттастырылған ақшалай жәрдемақы;

      8) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес басқа да табыстар жеке адамның табысы түрінде қаралмайды және есепке алынбайды.

      11. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде еңбекақы төлемдері түрiнде алынатын табыс есепке алынады (10-тармақта көрсетілгендерді қоспағанда):

      1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:

      жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстеме ақылар (жалақысы сақталатын кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерге төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);

      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;

      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда, еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;

      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;

      сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;

      бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;

      мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;

      жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;

      2) әлеуметтiк төлемдер түрінде есептелген, атап айтқанда:

      Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тағайындалған зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;

      мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;

      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;

      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар;

      мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;

      атаулы әлеуметтік көмек;

      үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру;

      қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетiн шәкіртақы;

      жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнiндегi әлеуметтік жәрдемақы;

      бірінші, екінші топтағы жалғыз басты, бөгде адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да тұрақты төлемдер;

      жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;

      берiлетiн заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;

      барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.

      12. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысының құрамына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргені үшін төленетiн бiржолғы төлемдер мен ай сайынғы сомалар қосылады.

      13. Есептi кезеңнен асып түсетiн кезеңнiң табысы бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, зейнетақы, жәрдемақылар, алимент және өзге де төлемдер бойынша берешектер), алынған табыс, сол табыс алынған айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.

      Жұмысты азаматтық-құқықтық шарт бойынша (мердiгерлiк және басқа) орындайтын отбасының (азаматтың) табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге қосылады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы отбасының (азаматтың) жиынтық табысында есепке алынады.

      14. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның iшiнде ғылым, әдебиет, өнер және өзге де қызмет түрлері туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.

      15. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстары мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар отбасының (азаматтың) жиынтық табысына сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.

      16. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.

      Республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк төлемдер түрiнде табыс алуы зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлiгiнiң көшiрмесiмен не Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлiмшелерi беретiн анықтамамен расталады.

      17. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен түсетін табыстар:

      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;

      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;

      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған;

      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.

      18. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен растайды.

      Жекелеген азаматтарда шарт жасаспай жұмыс iстейтiн отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады.

      19. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.

      20. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.

      Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

      21. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысының құрамына Балаларға және басқа да асырауындағыларға алименттер жиынтық табыс құрамында есепке алынады.

      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы, отбасының (азаматтың) жиынтық табысында олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.

      22. Адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.

      23. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы, төлеушi:

      1) жұмыс iстемейтiн және жұмыспен қамту органда жұмыссыз ретiнде тiркелген (анықтама ұсынған кезде);

      2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы, бас еркiнен айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болу кезеңi көрсетiлген сот орындаушысының немесе түзеу мекемесiнiң анықтамасын ұсынған кезде;

      3) туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық диспансерлерде (стационарларда), емдік-еңбек профилакторийiнде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (тиісті медициналық ұйымдардан анықтама ұсынған кезде);

      4) Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiм жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеуінен шығарылғанын растайтын, әділет органдары беретін анықтама негізінде;

      5) наркологиялық диспансердің анықтамасымен немесе учаскелiк комиссияның қорытындысымен расталған, спирттi iшiмдiктердi, есiрткi заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды асыраудан жалтарған жағдайда, алименттi есепке алмай есептеледi.

      24. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай, жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы отбасының (азаматтың) жиынтық табысында толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының (азаматтың) жиынтық табысында алимент есепке алынады.

      25. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент, аударылған алимент туралы жұмыс берушінің анықтамаларымен не алынған алимент туралы почта аударымдарының түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан асатын кезең үшiн берешек пайда болғанда, сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы анықтамасы ұсынылады.

      26. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс, отбасының (азаматтың) жиынтық табысының құрамына қосылады.

      Отбасының (азаматтың) жиынтық табысында есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс осы Қағидаға 1-9-қосымшаларға сәйкес өтiнiш берушiнiң жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде есептеледi.

      Нормативтiк кәртішкелерде келтiрiлген (осы Қағидаға 2-7-қосымшалар) орташа түсiмдi (өнiмдiлiктi), өндiрiстiк шығыстардың орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшiн пайдаланылатын бағаларды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып, түзетеді.

      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс отбасының жиынтық табысына өтініш берушінің жазбаша өтiнiшінiң негiзiнде қосылады.

      27. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады.

      Табысты, шығынды айқындау үшін бір сотка жер (бір бас) өндірілген өнімнің құнынан (ocы Қағидаға 2-7-қосымшалар) шығысының орташа деңгейi шегерiледi. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезеңдегі айлар санына көбейтіледі.

      28. Табысты есептеу үшін облыста (республикалық маңызы бар қалада, астанада) өсімдік және мал шаруашылығы өніміне қалыптасқан, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көздеген мерзімдерде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, өткен күнтізбелік жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады.

      29. Өнім бермейтін (жас) жастағы үй малынан, құсынан (осы Қағидаға 8-қосымша) алынған табыс, есепті кезеңде оны сыйлаған немесе іске асырған (сату, сою) жағдайда ғана, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде, мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, оны сыйлаған немесе іске асырған (сату, сою) тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша есепке алынады.

      Малды (құсты) есепті кезеңде іске асыру кезінде отбасының жиынтық табысына тиісті іске асырған айда нарықта қалыптасқан, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған бағалар бойынша біржолғы табыс қосылады.

      30. Отбасының жиынтық табысы жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.

      31. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеуді уәкілетті орган өтініш берушінің мәліметтері негізінде жеке нормативтік кәртішкеде (осы Қағидаға 9-қосымша) рәсімдейді.

      32. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, нормативтік кәртішкеде көрсетілген (осы Қағидаға 2-7-қосымшалар) тиісті орташа көрсеткіштерден төмен, осы өңірдегі өнімділік және түсімділік көрсеткіштері бойынша және жиынтық табыс рұқсат етілген шекті көлемнен аспаған жағдайда, үй малын, құсты және жер телімінде (үй жанындағы учаске, саяжай және жер үлесі) өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін кіріс бермейтіндер деп белгілейді.

      Рұқсат етілген шекті көлем ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілетті органдарымен алдын ала келісуден кейін өткен тоқсанда қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейінің еселенуімен белгіленеді.

      33. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыстар:

      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден (жалдаудан) және сатудан;

      2) бағалы қағаздардан;

      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;

      4) асыл тастар мен бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариатты сатудан;

      5) авторлық сыйақы түрiндегi;

      6) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;

      7) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;

      8) қайтарымсыз алынған ақша түрінде;

      9) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) түрінде;

      10) ақшалай аударымдар түрінде;

      11) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, лотереяларда ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;

      12) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн қоса алғанда, мәлiмделген өзге де табыстар есепке алынады.

      Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.

      34. Жылжымайтын мүлiктi немесе көлiк құралдарын жалға беруден (жалдаудан) алынған табыс мүлікті жалға беру шартының көшірмесімен расталады.

      Мүлікті жалға беру (жалдау) шарты болмаған жағдайда, мүлікті немесе көлік құралдарын жалға беруден түскен табыс өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген, бірақ айына ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

      35. Өтініш иесі көрсеткен, жылжымайтын мүлiктi немесе көлiк құралдарын сатудан алынған табыс сатып алу-сату шартының көшірмесімен расталып, он екi айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi есептi кезеңдегi отбасының (азаматтың) жиынтық табысында жалпы жиынтық табысқа қосылады.

      Басқа жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарының құны мен сатудан түскен сома арасындағы айырма отбасының (азаматтың) жиынтық табысында есепке алынады.

3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға
үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі

      36. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 1-1)11) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес жергілікті атқарушы орган есептейді.

      37. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер, тұрғын үйге мұқтаж, егер өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болса, осы Қағиданың 36-тармағында көрсетілген отбасылардың (азаматтарының) пайдалануына беріледі.

      Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды.

      38. Отбасының әрбір мүшесі үшін жан басына шаққандағы орташа табыс өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының жиынтық табысын айлардың санына және отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы есептеледі.

      39. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi есепке алынады:

      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;

      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;

      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс.

      40. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу осы Қағиданың 4, 6, 10-13 16-25-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

  Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы
бойынша әкiмшiлiк-аумақтық аудандардың
тізбесі

Облыс

Аудан, қала

1. Дала аймағы

Солтүстiк Қазақстан

1. Айыртау

2. Ақжар

3. Мағжан Жұмабаев

4. Есiл

5. Жамбыл

6. Қызылжар

7. Мамлют

8. Шал ақын

9. Аққайың

10. Тайынша

11. Тимирязев

12. Уәлиханов

13. Ғабит Мүсiрепов

Петропавл қаласы

Ақмола

1. Еңбекшiлдер

2. Зерендi

3. Щучье

4. Сандықтау

5. Бұланды

6. Ақкөл

7. Ерейментау

8. Жақсы

Көкшетау қаласы

Степногор қаласы

Қостанай

1. Қарабалық

2. Федоров

3. Меңдiқара

4. Ұзынкөл

5. Денисов

6. Әулиекөл

7. Қарасу

8. Алтынсарин

9. Сарыкөл

10. Қостанай

11. Таранов

Қостанай қаласы

Рудный қаласы

Павлодар

1. Ертiс

2. Железин

3. Қашыр

2. Қуаң дала аймағы

Батыс Қазақстан

1. Ақжайық

2. Тасқала

3. Зеленов

4. Теректi

5. Бөрiлi

6. Шыңғырлау

Орал қаласы

Ақтөбе

1. Қобда

2. Мәртөк

3. Әйтеке би

4. Қарғалы

5. Алға

Ақтөбе қаласы

Қостанай

1. Қамысты

2. Наурызым

3. Жiтiқара

Лисаковск қаласы

Ақмола

1. Есiл

2. Атбасар

3. Қорғалжын

4. Шортанды

5. Целиноград

6. Астрахан

7. Аршалы

8. Егiндiкөл

9. Жарқайың

Астана қаласы

Астана қаласы

Қарағанды

1. Нұра

2. Қарқаралы

3. Осакаров

4. Абай

5. Бұқар жырау

Қарағанды қаласы

Сарань қаласы

Шахтинск қаласы

Темiртау қаласы

Павлодар

1. Ақтоғай

2. Баянауыл

3. Лебяжье

4. Май

5. Павлодар

6. Успен

7. Шарбақты

Павлодар қаласы

Ақсу қаласы

Екiбастұз қаласы

Шығыс Қазақстан

1. Бесқарағай

2. Бородулиха

3. Зырян

4. Көкпектi

3. Шөлейттi аймақ

Алматы

1. Қапшағай

Батыс Қазақстан

1. Бөкөйордасы

2. Жаңақала

3. Жәнiбек

4. Қазталов

5. Қаратөбе

6. Сырым

Қостанай

1. Амангелдi

2. Жангелдi

Арқалық қаласы

Ақтөбе

1. Ойыл

2. Темiр

3. Ырғыз

4. Хромтау

5. Мұғалжар

Қарағанды

1. Жаңаарқа

2. Шет

3. Ақтоғай

4. Ұлытау

Жезқазған қаласы

Балқаш қаласы

Қаражал қаласы

Приозерск қаласы

Сәтбаев қаласы

Шығыс Қазақстан

1. Абай

2. Аягөз

3. Жарма

Семей қаласы

Курчатов қаласы

4. Шөлдi аймақ

Атырау

1. Жылыой

2. Индер

3. Исатай

4. Құрманғазы

5. Қызылқоға

6. Мақат

7. Махамбет

Атырау қаласы

Қызылорда

1. Арал

2. Жалағаш

3. Жаңақорған

4. Қазалы

5. Қармақшы

6. Сырдария

7. Шиелi

Қызылорда қаласы

Ақтөбе

1. Байғанин

2. Шалқар

Маңғыстау

1. Бейнеу

2. Қарақия

3. Маңғыстау

4. Түпқараған

5. Мұнайлы

Ақтау қаласы

Жаңаөзен қаласы

Оңтүстiк Қазақстан

1. Созақ

2. Отырар

Жамбыл

1. Сарысу

2. Талас

3. Тұрар Рысқұлов

Алматы

1. Балқаш

5. Тау eтeгi-шөлдi-далалық аймақ

Алматы

1. Ақсу

2. Алакөл

3. Еңбекшiқазақ

4. Жамбыл

5. Кербұлақ

6. Көксу

7. Қаратал

8. Қарасай

9. Панфилов

10. Райымбек

11. Сарқанд

12. Талғар

13. Ескелдi

14. Ұйғыр

15. Iле

Талдықорған қаласы

Текелi қаласы

Алматы қаласы

Алматы қаласы

Жамбыл

1. Байзақ

2. Жамбыл

3. Жуалы

4. Қордай

5. Мерке

6. Мойынқұм

7. Шу

Тараз қаласы

Оңтүстiк Қазақстан

1. Арыс

2. Бәйдiбек

3. Қазығұрт

4. Мақтаарал

5. Ордабасы

6. Сайрам

7. Сарыағаш

8. Төле би

9. Түлкiбас

10. Шардара

Кентау қаласы

Түркiстан қаласы

Шымкент қаласы

Шығыс Қазақстан

1. Үржар

2. Зайсан

6. Оңтүстiк Сiбiр таулы және тау eтeгi аймағы

Шығыс Қазақстан

1. Глубокое

2. Катонқарағай

3. Шемонаиха

4. Тарбағатай

5. Күршiм

6. Ұлан

Өскемен қаласы

Риддер қаласы

  Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
2-қосымша

Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты
есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң

1 соткасының

орташа

түсiмi, кг

Жердiң

1 соткасына

жұмсалған

шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан

өндiрiлген

өнiмнiң

құны, теңге

(2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка

жерден түскен

табыс (+),

шығыс (-), теңге

(5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

268




Арпа

25

188




Қарамық

5

143




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

20

114




Бiр жылдық шөптер

15

83




Картоп

80

1256




Көкөнiстер

65

1069




Бақшалар

105

483




Шекiлдеуiк бақтары

(алма, алмұрт

және басқалары)

35

634




Сүйектi жемiс бақтары

(өрiк, қара өрiк және басқалары)

25

509




Жидек дақылдары

33

946




Жүзiм

25

636




Күнбағыс

12

220




Мал шаруашылығының өнiмi

Өнiм

1 бастан

алынатын

орташа

өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа

жұмсалған

шығыстың

орташа

деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң,

(1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан

өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен

табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүттi iрi қара мал (сүт)

2200

26549




Eттi iрi қара мал (сиыр етi)

179

15308




Шошқалар

(шошқа етi)

110

9425




Қойлар, ешкiлер

ет/жүн

22/2,5

5800




Жылқы (жылқы етi)

124

7446




Түйе (түйе етi)

126

2979




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Еттi құс (құс етi)

2,5

489




  Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
3-қосымша

Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн
табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң

1 соткасының

орташа

түсiмi, кг

Жердiң

1 соткасына

жұмсалған

шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан

өндiрiлген

өнiмнiң

құны, теңге

(2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка

жерден түскен

табыс (+),

шығыс (-), теңге

(5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

268




Арпа

25

188




Қарамық

5

150




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

15

91




Бiр жылдық шөптер

10

83




Картоп

70

1164




Көкөнiстер

80

1245




Бақшалар

115

518




Шекiлдеуiк бақтары

(алма, алмұрт

және басқалары)

30

583




Сүйектi жемiс бақтары

(өрiк, қара өрiк және

басқалары)

22

514




Жидек дақылдары

23

819




Жүзiм

22

595




Мал шаруашылығының өнiмi

Өнiм

1 бастан

алынатын

орташа

өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа

жұмсалған

шығыстың

орташа

деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң,

(1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан

өндiрiлген

өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен

табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүттi iрi қара мал

(сүт)

1900

21034




Eттi iрi қара мал (сиыр етi)

179

16435




Шошқалар

(шошқа етi)

110

9107




Қойлар, ешкiлер

ет/жүн

22/2,5

3042




Жылқы (жылқы етi)

124

7446




Түйе (түйе етi)

126

2979




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Еттi құс (құс етi)

2,5

489




  Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
4-қосымша

Шөлейттi аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты
есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң

1 соткасының

орташа

түсiмi, кг

Жердiң

1 соткасына

жұмсалған

шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан

өндiрiлген

өнiмнiң

құны, теңге

(2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка

жерден түскен

табыс (+),

шығыс (-), теңге

(5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

10

226




Арпа

15

174




Қарамық

8

153




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

10

91




Бiр жылдық шөптер

10

84




Картоп

70

1102




Көкөнiстер

90

1249




Бақшалар

85

458




Шекiлдеуiк бақтары

(алма, алмұрт

және басқалары)

22

525




Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және

басқалары)

20

498




Жидек дақылдары

10

589




Жүзiм

20

564




Мал шаруашылығының өнiмi

Өнiм

1 бастан

алынатын

орташа

өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа

жұмсалған

шығыстың

орташа

деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң,

(1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан

өндiрiлген

өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен

табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүттi iрi қара мал

(сүт)

1100

19944




Eттi iрi қара мал (сиыр етi)

165

16016




Шошқалар

(шошқа етi)

110

8462




Қойлар, ешкiлер

ет/жүн

22/2,25

1200/105




Жылқы (жылқы етi)

138

6044




Түйе (түйе етi)

140

2925




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Еттi құс (құс етi)

2,5

489




  Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
5-қосымша

Шөлдi аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң

1 соткасының

орташа

түсiмi, кг

Жердiң

1 соткасына

жұмсалған

шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан

өндiрiлген

өнiмнiң

құны, теңге

(2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка

жерден түскен

табыс (+),

шығыс (-), теңге

(5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

278




Арпа

25

215




Жүгерi (жасыл салмағы)

40

295




Көп жылдық шөптер

45

172




Бiр жылдық шөптер

25

101




Картоп

100

1886




Көкөнiстер

125

1366




Бақшалар

120

556




Шекiлдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары)

19

483




Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және

басқалары)

20

492




Жидек дақылдары

10

589




Жүзiм

19

572




Күнбағыс

8

208




Мал шаруашылығының өнiм

Өнiм

1 бастан

алынатын

орташа

өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа

жұмсалған

шығыстың

орташа

деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң,

(1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан

өндiрiлген

өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен

табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүттi iрi қара мал

(сүт)

880

17255




Eттi iрi қара мал (сиыр етi)

138

15924




Шошқалар

(шошқа етi)

110

8973




Қойлар, ешкiлер

ет/жүн

18/1,0

1696




Жылқы (жылқы етi)

138

5979




Түйе (түйе етi)

154

2925




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Еттi құс (құс етi)

2,5

489




  Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
6-қосымша

Тау етегi-шөлдi-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан
түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң

1 соткасының

орташа

түсiмi, кг

Жердiң

1 соткасына

жұмсалған

шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан

өндiрiлген

өнiмнiң

құны, теңге

(2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка

жерден түскен

табыс (+),

шығыс (-), теңге

(5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

293




Арпа

25

234




Қарамық

10

258




Жүгерi (дәнi)

40

295




Жүгерi (жасыл салмағы)

160

235




Күрiш

40

886




Қант қызылшасы

200

525




Темекi

18

1537




Қоза

30

853




Көп жылдық шөптер

45

181




Бiр жылдық шөптер

25

101




Картоп

120

2324




Көкөнiстер

145

1442




Бақшалар

105

488




Шекiлдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары)

40

798




Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және

басқалары)

35

664




Жидек дақылдары

30

980




Жүзiм

40

786




Күнбағыс

16

277




Мал шаруашылығының өнiмi

Өнiм

1 бастан

алынатын

орташа

өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа

жұмсалған

шығыстың

орташа

деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң,

(1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан

өндiрiлген

өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен

табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүттi iрi қара мал

(сүт)

2500

20168




Eттi iрi қара мал (сиыр етi)

179

14047




Шошқалар

(шошқа етi)

110

8138




Қойлар, ешкiлер

ет/жүн

20/3,5

2318




Жылқы (жылқы етi)

151

5795




Түйе (түйе етi)

126

2959




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Еттi құс (құс етi)

2,5

489




  Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
7-қосымша

Оңтүстiк Сiбiр таулы және тау етегi аймағындағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк карточкасы
Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң

1 соткасының

орташа

түсiмi, кг

Жердiң

1 соткасына

жұмсалған

шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан

өндiрiлген

өнiмнiң

құны, теңге

(2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка

жерден түскен

табыс (+),

шығыс (-), теңге

(5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

15

272




Арпа

20

218




Қарамық

10

258




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

131




Көп жылдық шөптер

20

91




Бiр жылдық шөптер

12

66




Картоп

90

1746




Көкөнiстер

90

1173




Бақшалар

105

483




Шекiлдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары)

16

432




Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және

басқалары)

15

484




Жидек дақылдары

15

994




Жүзiм

34

662




Күнбағыс

12

218




Мал шаруашылығының өнiмi

Өнiм

1 бастан

алынатын

орташа

өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа

жұмсалған

шығыстың

орташа

деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң,

(1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан

өндiрiлген

өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен

табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүттi iрi қара мал

(сүт)

1900

19424




Eттi iрi қара мал (сиыр етi)

165

14231




Шошқалар

(шошқа етi)

110

8973




Қойлар, ешкiлер

ет/жүн

20/2,0

2152




Жылқы (жылқы етi)

151

5563




Түйе (түйе етi)

126

2959




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Еттi құс (құс етi)

2,5

489




  Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
8-қосымша

Азық-түлiктiк пайдаланылатын
үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем

бiрлiгi

Өнiм беру жағдайына

жеткен мал төлiнiң

және құстардың жасы

Iрi қара мал

ай

25

Қойлар мен ешкiлер

ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Еттi құс

күн

125

  Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер
отбасының (азаматтың) жиынтық
табысын есептеу қағидасына
9-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгi жеке
нормативтiк карточкасы

      ___________________________________________________________________

      (өтiнiш берушiнiң аты-жөні)

      ____________________________________________________________________

      (облыс, аудан)

      ____________________________________________________________________

      (үйінің мекенжайы)

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка,

мал басы,

саны

жылына

түсетiн табыс нормативi,

теңге

жылына

түсетiн

табыстың

барлығы,

теңге

бiр тоқсанда

түсетiн

табыстың

барлығы,

теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөнiстер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекі





Шекілдеуік бақтары





Сүйекті жеміс бақтары





Жемістер





Жүзім





Көп жылдық шөп





Бір жылдық шөп





Жасыл жемге берілетін

жүгері





Сүтті ірі қара мал





Етті ірі қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкiлер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бір жылғы табыс





Жиыны: бір тоқсандағы табыс






      20__ж. “____” ___________________________________

      (өтініш берушінің қолы)

      ____________________________________________________

      (есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады