"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 22-291қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусымдағы N 22-544қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 679 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 107-1050 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 27.06.2014 № 107-1050 қаулысымен (01.07.2013 бастап күші жойылды).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы "Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауының 4.1-бөліміне және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 22-291қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 17 мамырда № 630 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2010 жылғы 22 мамырдағы № 53, "Вечерняя Астана" газетінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 65 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      атауы мына редакцияда жазылсын:
      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2010-2014 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы";
      1-тармақта:
      "2010-2011 оқу жылында" деген сандар мен сөздер "2010-2014 оқу жылдарына" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:
      атауы мына редакцияда жазылсын:
      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2010-2014 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы";
      "Гуманитарлық колледж" деген бөлімде:
      "010100 "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" деген жолдағы "75" деген сандар "130" деген сандармен ауыстырылсын;
      "9-сынып" деген бөлімде:
      "қазақ тілінде оқыту" деген жолдағы "25" деген сандар "55" деген сандармен ауыстырылсын;
      "орыс тілінде оқыту" деген жолдағы "25" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын;
      "0105000 "Бастауыш білім беру бойынша" деген жолдағы "214" деген сандар "133" деген сандармен ауыстырылсын;
      "9-сынып" деген бағанда:
      "қазақ тілінде оқыту" деген жолдағы "138" деген сандар "82" деген сандармен ауыстырылсын;
      "орыс тілінде оқыту" деген жолдағы "76" деген сандар "51" деген сандармен ауыстырылсын;
      келесі жол мынадай мазмұнда толықтырылсын:

"

0111000

Негізгі орта білім

26

26

-

-

-

                                                           ";

      "Барлығы" деген жолдағы "2483", "1001" және "1177" деген сандар тиісінше "2858", "1195" және "1358" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес толықтыру бекітілсін.
      3. Білім басқармасының бастығы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Астана қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 16 маусымдағы
№ 22-544қ қаулысына  
қосымша         

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2010-2014 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мамандық коды

Техникалық және кәсіптік білімді, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлау бағыттарының атауы

Оқушыларды қабылдау

Барлығы

9-сынып

11-сынып

қазақ тілінде оқыту

орыс тілінде оқыту

қазақ тілінде оқыту

орыс тілінде оқыту

Мемлекеттік кәсіптік лицей

№ 7 кәсіптік лицей

0508000

Тамақтануды ұйымдастыру

107

56

51

-

-

0510000

Іс жүргізу және мұрағаттану

83

57

26

-

-

0511000

Туризм

76

25

51

-

-

1201000

Автокөліктерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету

109

56

53

-

-


Барлығы

375

194

181

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады