"Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 6 маусымдағы N 16-500қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 18 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 686 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 113-318 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 27.02.2014 № 113-318 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 1 тамызда № 404 тіркелген; "Астана хабары" газетінің 2007 жылғы 8 ақпандағы № 22-23, "Вечерняя Астана" газетінің 2007 жылғы 8 ақпандағы № 21-22 нөмірінде, жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:"
      3-тараудың 1-параграфындағы 3-тармақтың екінші абзацында "кәсіпорындарға" деген сөздерінен кейін "елу одан астам пайызы (үлестерінің) немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік қорлар және заңды тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тараудың 1-параграфындағы 3-тармағы келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу келісім шартына сәйкес Астана қаласы мектептерінің оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде заңды және жеке тұлғаларға жалға беру (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы қоса бере отырып)";
      "мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтынушы кооператив, қор, діни бірлестік, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі және заңнама актілерінде қарастырылған басқалай нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдарға ғимараттарды жалға беру.".
      2-параграфтың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Тендердi өткiзу үшiн жалға берушi комиссия құрады, оның құрамына баланс ұстаушының, жалға берушiнiң өкiлдерi кiредi.
      Комиссияның төрағасы болып жалға берушiнiң өкiлi тағайындалады.";
      2-параграфтың 7-тармағынан соң мынадай редакциядағы 7-1) тармақпен толықтырылсын:
      "7-1) бюджет алдында салықтық берешектің болмауы туралы мәліметтер.";
      4-1) Кепілдік жарна параграфымен толықтырылсын:
      "18-1. Кепілдік жарна тендер қатысушысының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз етеді:
      1) тендерде жеңген жағдайда тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
      2) тендер нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес мүліктік жалдау (жалға беру) келісімін жасау.
      18-2. Тендерде жеңген және мүліктік жалдау (жалға беру) шартын жасаған тендер қатысушысының кепілдік жарнасы мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша есептелетін төлемдер есебіне жатқызылады.
      Тендер жеңімпазының өтініші бойынша кепілдік жарна сомасын бөліп-бөліп қайтаруға болады.
      18-3. Жалға беруші кепілдік жарнаны келесі жағдайларда қайтармайды:
      1) тендерге қатысушыға – тендердің өтуіне 3 күн қалған уақытта оған қатысудан бас тартқан жағдайда;
      2) жеңімпазға – тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін шарттарда мүліктік жалдау (жалға беру) шартын жасаудан оның бас тартқан жағдайында.
      Қалған жағдайдың барлығында кепілдік жарналар тендер аяқталған күннен бастап 10 банкілік күннен кешіктірілмей, ал егер тендер өткізілгеннен кейін Жалға берушінің шотына ақша түспесе, онда олардың түскен күнінен бастап 10 банкілік күн ішінде қайтарылады.";
      4-тарау мынадай редакциядағы 23-1) тармақпен толықтырылсын:
      "23-1) тендер нәтижелері туралы хаттаманың негізінде жеңімпазбен белгіленген мақсатта және тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін жағдайда № 2 қосымшаға сәйкес мүліктік жалдау (жалға беру) келісім-шарты жасалады.";
      4-тараудың 24-тармағы "үш данада" сөзінен кейін "№ 3 қосымшаға сәйкес" сөздерімен толықтырылсын;
      4-тараудың 28-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Жалдау шартын жалға беруші бір тараптан мерзімінен бұрын мынадай жағдайларда бұзуы мүмкін:
      1) жалгер таратылса;
      2) жалға берушiнiң шешiмi бойынша жалгерге оның жазбаша келiсiмiмен басқа тең деңгейдегi объект ұсынылса;
      3) жалгер келісім-шарт талаптарын бұзса;
      4) жалгер жал шартының іс-әрекет еткен мерзімі ішінде, төлемді 2-ден (екіден) артық белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда және жалға берушінің жазбаша хабарлауы болған жағдайда;
      5) жалға берушінің жазбаша келісімінсіз объектіні басқа тұлғаға (қайта жалдау) мүліктік жалдау (жалға беру) келісім-шарты бойынша өз құқықтары мен міндеттерін беру жолымен жалдауға (қосалқы жалға алушыға) берсе;
      6) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде немесе шартта қарастырылған басқа да жағдайларда;
      4-тараудың 29-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Жалгер жалдау (жалға беру) келісім-шартының тармақтарын бұзған жағдайда жалға беруші бір жақты тәртіпте шартты бұзады және кейіннен осы объектіні тендер өткізу жолымен конкурс негізінде береді.
      Аталған жағдайларда тендер үш ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiсті.";
      5-тараудың 31-тармағы "қосымшаларына сәйкес" сөздерінің алдында "№ 1" санымен толықтырылсын;
      5-тарау 35-1) тармағымен мынадай редакцияда толықтырылсын:
      "35-1. Күрделі жөндеуді жүзеге асыру жөніндегі міндет мемлекеттік мүлікті жалдаушыға (жалға алушыға) жүктелген жағдайда мемлекеттік мүлікті күрделі жөндеудің құны мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша төлемдердің есебіне жатқызылады. Мемлекеттік мүлікке күрделі жөндеу жүргізудің құны мен басқа да шарттары мемлекеттік мүлікті жалдауға берушімен (жалға берушімен) жазбаша келісілуге тиіс.
      5-тараудың 36-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "36. Жергілікті атқарушы органның тиісті шешімімен жал төлемінің базалық мөлшерлемесіне жалгер инфляция немесе айлық есептік көрсеткішті өзгерту есебімен келесі жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша жыл сайын осы Ережеге өзгерістер енгізу жолымен түзету енгізіп отыруға тиісті.";
      5-тараудың 36-тармағы мынадай редакциядағы 36-1) тармақпен толықтырылсын:
      "36-1. Банкоматтар, базалық станция жабдығын орнату үшін терминалдар және ұялы байланыс антенналарын орнату үшін орын-жайды мүліктік жалдауға беру кезінде жал төлемінің базалық мөлшерлемесі бір шаршы метрге 3 АЕК (үш айлық есептік көрсеткішті) құрайды.";
      7-тарау 38-1) тармағымен мынадай редакцияда толықтырылсын:
      "38-1. Мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар басшыларының мүлікті жалға беруге немесе қосалқы жалға беруге құқықтары жоқ.";
      7-тарау 38-2) тармағымен мынадай редакцияда толықтырылсын:
      "38-2. Коммуналдық меншік объектісінің баланс ұстаушысы, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың басшылары осы Қағиданың нормаларын бұзғандығы үшін уәкілетті орган алдында жеке жауапкершілікте болады.";
      8-тарау мынадай редакциядағы 39-1) тармақпен толықтырылсын:
      "39-1. Тарихи және мәдени мақсаттағы объектілер үшін жал төлемінің мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1031 "Мемлекеттік меншікте табылатын тарихи және мәдени ескерткіштердің пайдаланылғаны үшін жал төлемінің мөлшерлемесін белгілеу туралы" қаулысына сәйкес айына бір шаршы метрге 3 АЕК (үш айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде белгіленеді.".
      Жалға беретін коммуналдық мүлік үшін жал төлемінің базалық мөлшерлемесі № 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Орын-жайды жалға беру шартының үлгілік нысаны және қабылдау-беру актісі осы ережеге берілген № 2 және № 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      3. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Астана қаласы әкімдігінің  
2011 жылғы 6 маусымдағы   
№ 16-500 қаулысына      
қосымша            

Жалға ұсынылған жылжымайтын мүлiкке жалгерлiк ақының базалық мөлшерлемесi

      Астана қаласының коммуналдық меншiгi болып табылатын, жалға ұсынылған жылжымайтын мүлiкке жалгерлiк ақының базалық мөлшерлемесi төмендегiлердi құрайды:
      республикалық бюджеттен немесе басқа да әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктер бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер, заңды және жеке тұлғалар үшiн Астана қаласының мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде, коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар, ұлттық-мәдениет орталықтары үшін – бiр шаршы метрге айына 200 (екі жүз) теңге;
      Астана қаласының жергiлiктi бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер, мемлекеттік қорлар үшiн – бiр шаршы метрге 0 (нөл) теңге;
      басқа да заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар үшiн - бiр шаршы метрге айына 1000 (бір мың) теңге.
      Банкоматтар, базалық станция мен ұялы телефон антеннасы жабдығын орнатуға арналған терминалдар орнату үшін – бір шаршы метрге айына 3 АЕК (үш айлық есептік көрсеткіш).
      Тарихи және мәдени мақсаттағы объектілер - бір шаршы метрге айына 3 АЕК (үш айлық есептік көрсеткіш).

2 Қосымша 
Үлгілік нысан

ОРЫН-ЖАЙДЫ ЖАЛҒА БЕРУДІҢ
ҮЛГІЛІК ШАРТЫ

___________________________________________
___________________________________________
Объектінің атауы

Астана қ.       №____          "___"____________ _____ж.

      Бірінші тараптан мекеме Ережесінің және Астана қаласы
әкімдігінің "__"__________ №______ қаулысымен бекітілген "Астана
қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға)
беру қағидасының" негізінде әрекет етуші ____________________________
                                        (лауазым, тегі, әкесінің аты)
атынан, бұдан әрі "Жалға беруші" деп аталатын _______________________
                                           (уәкілетті органның атауы)
және екінші тараптан _________________негізінде әрекет етуші, бұдан
әрі "Жалға алушы" деп аталатын ______________________________________
                                       (Жалға алушының аты)
төмендегі туралы осы шартты жасасты.

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

      1.1. Шарттың мәні 20__ жылғы "____"___________________№________
хаттамалық шешімге сәйкес тендер нәтижелері бойынша, Астана қаласының
мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру
ережесінің негізінде ________________________________________________
                              (теңгерім ұстаушының атауы)
теңгерімінде табылатын, бұдан әрі "Мүлік" деп аталатын
____________________________________________________________________,
       (орын-жайдың орналасқан жері және қысқаша сипаттамасы)
_____________________________________________________________________
                                (мүлік атауы)
мекен-жайында орналасқан ___________________________________ мүліктік
жалдау (жалға беру) болып табылады.
      1.2. __________________________________________________________
               (Орын-жайдың тағайындалымы, не тендер шарты) меншік
мақсаттарда пайдалану үшін құқығынсыз, шарттың ажырамас бөлігі болып
табылатын қабылдау-тапсыру актісіне (№ 1 қосымша) сәйкес Жалға беруші
орын-жайды мүліктік жалдауға (жалға) береді, ал Жалға алушы қабылдап
алады.
      1.3. Көрсетілген мүлік жалға 20____ жылдың "____"______________
20____ жылдың "____"______________ аралығында беріледі.

2.ЖАЛПЫ ШАРТТАР

      2.1. Орын-жайды жалдауға қабылдау-тапсыру (беру сәтінде
орын-жайдың іс жүзіндегі жай-күйін көрсете отырып) акт бойынша жүзеге
асырылады, оған Жалға алушы, теңгерім ұстаушының өкілдері қол қояды
және Жалға беруші бекітеді және осы шарттың ажырамас бөлігі болып
табылады.
      2.2. Шартқа қол қою арқылы Жалға беруші мен теңгерім ұстаушы
өзгелерден басқа, беру сәтінде берілетін орын-жайдың кепілдікке
қойылмағандығын, сатылмағандығын, тыйым салынбағандығын және шартқа
қатысы жоқ тараптардың қандай-да бірімен шарттың қолданылу кезінде
талап етілмейтіндігін куәландырады.
      2.3. Тараптардың заңды мәртебесінің не ұйымдық-құқықтық
нысанының өзгеруі шарттың мәнін өзгертпейді және тараптар шартты бұзу
ниетін білдірген, оны өзгерту не құқық нормалары қайта оны ресімдеуді
талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттемелер
тиісті құқықтық мирасқорларға беріледі. Бұл ретте тараптар қайта
тіркелу фактісінен кейін заңды мәртебесінің өзгергендігі туралы
бір-бірін ақпараттандыруға міндетті.

3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

      3.1. "Жалға берушінің":
      3.1.1. жалдау ақысын аударудың уақытылылығына бақылауды жүзеге
асыруға;
      3.1.2. Тараптардың келісімі бойынша Шартты ұзартуға, өзгерістер
мен толықтырулар енгізуге;
      3.1.3. мүліктің мақсатты пайдаланылуын тексеруді жүзеге
асыруға;
      3.1.4. теңгерім ұстаушымен келісім бойынша орын-жайды, онда
орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе
қайта жабдықтауға Жалға алушыға жазбаша рұқсат беруге құқығы бар.

      3.2. "Жалға беруші":
      3.2.1. орын-жайды мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы шешім
қабылданған күннен бастап 30 күнтізбелік жұмыс күні ішінде қабылдап-тапсыру мен оны бекіту актісі бойынша Жалға алушыға теңгерім
ұстаушының орын-жайды беруін қамтамасыз етуге;
      3.2.2. Шартпен белгіленген тәртіпте Жалға алушының орын-жайды
иелену және пайдалануына кедергі келтірмеуге;
      3.2.3. Шарт ережелерін немесе жалдау ақысының мөлшерін
өзгерткен жағдайда бұл туралы жалдау ақысын төлеудің кезекті
мерзіміне дейін Жалға алушы жазбаша түрде хабарлауға;
      3.2.4. төлем мерзімі өтіп кеткен жағдайда жалдау ақысын
енгізудің кезекті мерзіміне дейін 10 күннен кешіктірмей Жалдаушыға
хабарлама жіберуге міндетті.

      3.3. "Жалға алушы":
      3.2.1. жалдау ақысын аванс арқылы төлеуге;
      3.2.2. теңгерім ұстаушының жазбаша келісімімен орын-жайды, онда
орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе
қайта жабдықтауға рұқсат үшін Жалға берушіге өтініш жасауға құқығы
бар.

      3.4. "Жалға алушы":
      3.4.1. Ағымдағы айдың "______" күнінен кешіктірмей айына
_______________ (сомасын сөзбен жазып) теңге мөлшерінде жал төлемін
уақтылы енгізуге міндетті. Төлем ____________________________________
жергілікті бюджеттің _________________________ салық басқармасына
аударылады, кіріс коды ___________, СТН_________, БСК _________,
алушы – Астана қаласы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Қазынашылық комитеті.
_____________________________________________________________________
(төлем енгізу реквизиттері)
      (төлем туралы банктің белгісі бар төлем тапсырмасының көшірмесі
Жалға берушіге жалға төлем жүргізілген күні беріледі).
      Жал төлеміне коммуналдық қызмет төлемі және ғимарат, орын-жай
төлемі енгізілмейді.
       3.4.2. Шарттың 3.4-тармағының 3.4.1.) тармақшасында көзделген
жалдау ақысын төлеудің мерзімін жалға алушы бұзған жағдайда әрбір
мерзімі өткен күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қайта
қаржыландыруының жылдық мөлшерлемесіне сәйкес тұрақсыздық айыппұлын
төлейді.
      3.4.3. Ұйымдармен (пайдаланушы, коммуналдық, санитарлық және
басқа қызметтермен) немесе тікелей теңгерім ұстаушымен осы шартқа қол
қойылған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде орын-жайдың коммуналдық
көрсетілетін қызметіне шарт жасауға;
      3.4.4. жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлегеннен
кейін 3 жұмыс күні ішінде төлем тапсырмаларының (түбіртектердің)
көшірмесін бере отырып, тоқсан сайын Жалға берушімен есеп айырысуға
салыстыруды жүргізуге;
      3.4.5. қабылданған орын-жайды Шартта көзделген мақсаттарда ғана
пайдалануға;
      3.4.6. орын-жайды тиісінше тәртіпте ұстауға, орын-жайды немесе
онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін
әрекеттерді жасамауға;
      3.4.7. тиісті аумақты тиісінше санитарлық қалыпты жағдайда
ұстауға;
      3.4.8. Жалға алушының кінәсінен және табиғи тозуға байланысты
орын-жайдың жекелеген элементтері қалыптан шыққан жағдайда өз
қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
      3.4.9. Жалға берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз
орын-жайды, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта
орналастыруды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға;
      3.4.10. Объектіге және оған шектес жатқан жер учаскелеріне
Жалға берушінің, санитарлық қадағалау қызметі және Объектіні
пайдалану мен қолдануға қатысты заңдар мен өзге де нормалардың
сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жіберуге;
      3.4.11. Шарт бойынша өз құқықтарын бермеуге, оларды шаруашылық
серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым
немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде салмауға;
      3.4.12. Шартты бұзған жағдайда Жалға алушы бекіткен қабылдап
алу-беру акті бойынша шартта белгіленген мерзімде 10 күнтізбелік
жұмыс күні ішінде мүлікті қайтаруды қамтамасыз етуге;
      3.4.13. "Жалға беруші" жалға берілген мүлікті шарт аяқталғаннан
кейін оның тозуы есебімен қабылдап алған сол күйінде қайтаруға
міндетті.
      Мүлікті жұмыс істемейтін немесе қанағаттанарлықсыз техникалық
жай-күйде (нормативтік көрсеткіштерден асатын тозумен) қайтарған
жағдайда шығынды өтеуге міндетті.

4. ДҮЛЕЙ КҮШ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ІС-ҚИМЫЛДАР (ФОРС-МАЖОР)

      4.1. Тараптардың ешқайсысы басқа тараптың алдында осы Шарт
бойынша міндеттемелерін орындай алмағаны үшін дүлей күш жағдайындағы
іс қимыл болып танылғандықтан жауап бермейді, атап айтқанда төтенше
және тараптардың еркінен тыс пайда болған және оны алдын ала білуге
немесе болған мүмкіндікті осы жағдайларда болдырмау, оның ішінде
жарияланған немесе табиғи апаттар, азаматтық қозғалыстар, жұқпалы
аурулар, қоршау, эмбарго, өрт, жер сілкіну, су шаю және басқа табиғи
болмыстар болып табылады.
      4.2. Тиісті сауда палатасының немесе басқа да құзыретті
органдардың берген куәлігі дүлей жағдайындағы іс-қимылдардың болуын
және ұзақтығын жеткілікті түрде растайтын болып табылады.
      4.3. Дүлей күш жағдайларындағы іс-қимыл нәтижесінде өз
міндеттемесін орындай алмаған тарап, басқа тарапты осындай жағдай
туралы және оның осы Шартты орындауға әсер ету туралы хабарлауы тиіс.
      4.4. Егер де дүлей күш жағдайы қатарынан 3 (үш) ай болған
жағдайда, осы Шарт тараптардың қай жағы болмасын, екінші Тарапқа
жазбаша хабарлау арқылы қызметін тоқтатуы мүмкін.

5. ШАРТТЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ

      5.1. Мүліктік жалдаудың бір тарабының талабы бойынша шартты осы
шартта айтылған жағдайлар мен тәртіпте және Қазақстан Республикасының
заңына сәйкес өзгертуге немесе бұзуға болады.
      5.2. "Жалға берушінің" талабы бойынша шартты мына жағдайда:
      5.2.1. Егер "Жалға алушы" шарт талаптарын немесе мүліктің
қолданылу мақсаттарын бұза отырып, осындай әрекеттерді тоқтату туралы
"Жалға берушінің" жазбаша ескеруіне қарамай пайдаланса;
      5.2.2. Егер "Жалға алушы" қасақана немесе абайсызда мүлікті нашар жағдайға келтірсе;
      5.2.3. Егер "Жалға алушы" "Жалға берушінің" жазбаша
хабарламасынсыз жалға берілген мүлікті үшінші тұлғаға толығымен
немесе біртіндеп берсе бұзуға болады.
      5.2.4. "Жалға алушының" талабы бойынша шарт, егер "Жалға
берушінің" шарт жасасқанға дейін айтпаған жалға берілген мүліктің
кемшілігі, немесе "Жалға алушының" қатысы жоқ себептермен пайдалану
үшін жарамсыз болып табылатын жағдайда болса.
      5.4.5. Осы шартқа сәйкес, "Жалға беруші" органының немесе
"Жалға берушіге" қатысты меншік құқығындағы субъектінің қызметін
жүзеге асыратын органның шешімі бойынша "Жалға алушыға" берілген
орын-жайға мемлекеттік қажеттілік болған жағдайда бұзылуы мүмкін.

5. ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАР

      5.1. Мүлік меншік иесін ауыстыру мүліктік жалдау келісімін
өзгерту немесе бұзу үшін негіздеме болып табылмайды.
      5.2. Егер "Жалға алушы" шарт тоқтатылған кезде жалға алған
мүлкін қайтармаса немесе уақтылы қайтармаса, "Жалға беруші" мерзімі
өткен барлық уақытқа пайдаланғаны үшін төлем енгізуді талап етуге
құқылы.

6. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

      6.1. Жал шартының талаптарын бұзуда тараптар қолданылып жүрген
заңға сәйкес келтірілген залал мөлшерінде жауапкершілік жүктейді.
      6.2. "Жалға беруші" "Жалға алушыға" олардың жүргізген
жақсартуларының құнын, егер олар оның жазбаша келісімінсіз жүргізген
болса қайтармайды.
      6.3. Осы шарттан туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер
келіссөз жасау арқылы шешіледі.
      6.4. Келіссөз жүргізу арқылы даулар мен келіспеушіліктерді шешу
мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіпте сотта
қарауға жатқызылады.

7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ

      7.1. Осы шартқа берілген барлық қосымша келісімдер оның
ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптардың уәкілетті өкілдерінің
қолдары қойылуға тиісті.
      7.2. Осы шартта ретте келтірілмеген мәселелер Астана қаласы
әкімдігінің "_____"______________№______ қаулысымен бекітілген Астана
қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға)
беру Қағидасына, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі нормаларына
сәйкес реттеледі.
      7.3. Осы Шарт бірдей заңды күші бар, 3 (үш) данада жасалды, 1
данасы "Теңгерім ұстаушыға", 1 данасы "Жалға берушіге", 1 данасы
"Жалға алушыға" беріледі.

8. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ

      "Жалға беруші":                  "Жалдаушы":
      ____________________       _______________________
      (тегі, аты, әкесінің аты)      (тегі, аты, әкесінің аты)
      ______________________         _________________________
              (қолы)                           (қолы)

№ 3 Қосымша
Үлгілік нысан

ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ АКТІСІ

      Астана қаласы                   20__ жылғы "      " ___________

Құрамы:________________________________________________________
                           (лауазымы, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
атынан беруші тараптан, сондай-ақ___________________________________
                                         (лауазымы, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
атынан қабылдаушы тараптан тұратын комиссия 20____ жылдың
"____"_____________ № _______ мүліктік жалдау келісім шартына сәйкес
жалпы ауданы __________шаршы метр,___________________________________
мекен-жайында орналасқан орын-жайды қабылдау-тапсыруды жүргізді.

Орын-жайдың сипаттамасы:__________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Техникалық сипаттамасы:____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

  "Жалға беруші":                         "Жалға алушы":
____________________                   ____________________
 (лауазымы, Т.А.Ә)                          (лауазымы, Т.А.Ә)
______________________                     ______________________
      (қолы)                                       (қолы)

  "Теңгерім ұстаушы":
______________________
   (лауазымы, Т.А.Ә)
________________________
       (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады