"Жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № А-3/112 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № А-7/307 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 16 қыркүйекте № 3403 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № А-6/218 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 28.04.2012 № А-6/218 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № А-3/112 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3388 тіркелген, 26 сәуірдегі 2011 жылғы «Акмолинская правда», «Арқа ажары» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы қаулымен бекітілген, жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүліктің тізбесінде:
      реттік нөмірі 3-жолы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Облыс әкімі                                 С.Дьяченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады