Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № С-45/6 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 сәуірде № 1-1-143 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № С-33/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 06.01.2015 С-33/3 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
      2. Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/13 «Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-70 болып тіркелген, 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 3 «Көкшетау» газетінде және 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 3 «Степной маяк» газетінде жарияланған), Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № С-14/14 «Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін» бекіту туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/13» шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-89 болып тіркелген, 2008 жылғы 9 қазандағы № 42 «Көкшетау» газетінде және 2008 жылғы 9 қазандағы № 42 «Степной маяк» газетінде жарияланған), Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 7 қазаңда № С-28/11 «Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласындағы аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік тұрғын үйді ұстаудан басқасы) және коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметін пайдалануға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесін» бекіту туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/13» шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-111 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 қарашадағы № 45 «Көкшетау» газетінде және № 45 «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
      3.Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихатының
      45 сессияның төрағасы                            Ж.Балғабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Көкшетау қаласы әкімінің м.а                     Ж.Естенов

      Көкшетау қаласының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы                  Қ.Ахметов

      «Көкшетау қаласының қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы                  Ө.Ыдырысов

      «Көкшетау қаласының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы                  А.Омарова

Көкшетау қалалық мәслихатының
2011 жылғы 7 сәуірдегі   
№ С-45/6 шешімімен бекітілді

Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну
Ережесі

      Осы Көкшетау қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тарауына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі мен мөлшерін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Көкшетау қаласында, Станционный кентінде, Красный Яр селосында, Чайкино кентінде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне көрсетіледі;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығын үлесінің шегі - егер отбасының жиынтық табысы айына он жеті айлық есептік көрсеткіш аспаса жалғыз тұратын зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, І,ІІ,ІІІ топ мүгедектерінің және мүгедек балалары бар отбасылар, көп балалы отбасылар, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардың отбасылары, интернационалист жауынгерлердің отбасы үшін отбасының жиынтық табысының 6 % (пайыз), ал басқа аз қамсыздандырылған отбасылар (азаматтар) үшін 10 % (пайыз) мөлшері белгіленді.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012.05.03 № С-5/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.09.20 № С-10/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2014 № С-24/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 1 адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр мөлшерінде қабылданады.
      Электрқуатын беру (тұтыну) нормасы 1 адамға айына 150 квт. сағат белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011.06.17 № С-47/15 шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды, бюджет қаражатын тарату бойынша өкілетті орган болып «Көкшетау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      4. Тұрғын үй көмегі аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады. Есептеулер ағымдағы тоқсанда жүргізіледі, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      Жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегі жылына бір рет ұсынылады, көмір нормасы бір рет алынады.
      Отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшері есепке алынады, алайда отбасына жылына бес тонна көмірден аспауы керек.
      Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдыңғы тоқсандағы, тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша қалалық ақпарат және статистика басқармасының ұсынған қала бойынша орташа баға пайдаланылады.
      Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады.
      Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012.09.20 № С-10/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      5. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалға алушының (қосымша жалдаушының) құжаттар қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
      4) отбасы мүшелерінің табыстарын растайтын құжаттар;
      5) тұтынылған коммуналдық қызметтердің шоттары;
      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ай сайынғы жарналарының мөлшері туралы шоттар - тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек- шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқамен қоса беріледі, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
      9) алынып тасталды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 18.03.2014 № С-24/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012.05.03 № С-5/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012.09.20 № С-10/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2014 № С-24/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      6. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, егер:
      1) Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығын үлесінің шегі - егер отбасының жиынтық табысы айына он жеті айлық есептік көрсеткіштен аспаса жалғыз тұратын зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, І,ІІ,ІІІ топ мүгедектерінің және мүгедек балалары бар отбасылар, көп балалы отбасылар, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардың отбасылары, интернационалист жауынгерлердің отбасы үшін отбасының жиынтық табысының 6 % (пайыз), ал басқа аз қамсыздандырылған отбасылар (азаматтар) үшін 10 % (пайыз) мөлшері белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;
      2) алынып тасталды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012.09.20 № С-10/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012.05.03 № С-5/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға жібереді. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті органға заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал ол бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесі немесе жалға алушының тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтерге тұрғын үй алаңы нормасының шегінде жәрдемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін және аталған отбасының осы мақсаттарға шығатын шекті шығындарының деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
      9. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлемдер түрінде анықталады. Тұрғын үй көмегі төлемдері бюджеттік қаражатты бөлу бойынша өкілетті органның қаржыландыруына қарай ай сайын (құқығы болған кезде) жүргізіледі.
      Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің жеке өтінішіне сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады, тұрғын үй көмегі төлемдері коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жіберіледі. Телефон үшін өтемақы, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға шығатын шығындардың өтемақысы, отын (көмір) құнының шығындарына өтемақы, өтініш берушілердің «Қазпочта» Акционерлік қоғамындағы немесе екінші деңгейлі банктердегі жеке шотына аударылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012.09.20 № С-10/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2014 № С-24/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың
(отбасылардың) жиынтық табысын есептеу

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.
      Ескерту. 10 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012.05.03 № С-5/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады