Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 4С-43/3 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 қазанда № 1-2-147 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 31 қазандағы № 5С-10/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012.10.31 № 5С-10/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Степногорск қалалық мәслихатының «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-14/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-2-106 тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпанда «Степногорск Ақшамы», «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы»;
      шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берілген Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.»;
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-жайды ұстауға, байланыс және тұрғын үй коммуналдық қызметін төлеуге тұрғын үй көмегін беру ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Н.Лощинская

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ғ.Көпеева

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Степногорск қаласының әкімі                А.Никишов

Степногорск қалалық
мәслихатының 2011 жылғы
8 қыркүйектегі № 4С-43/3
шешіміне қосымша

Степногорск қалалық
мәслихатының 2008 жылғы
23 желтоқсандағы № 4С-14/3
шешімімен бекітілген

Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесі

      Осы Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әзірленген.

1. Жалпы ереже

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Степногорск қаласында, Ақсу, Заводской, Бестөбе, Шаңтөбе кенттерiнде және Қарабұлақ селосында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін жасаған төлем шығынының мүмкіндік шегінің үлесі өтініш берушінің жиынтық табысының 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну белгiленген көлемнiң нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бiрдей негiзде жүргiзiледi.
      2. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға 18 шаршы метр көлемінде белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 шаршы метр көлемінде белгіленеді, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем болмауы тиіс.
      Коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, газ, канализация, жылу энергиясы, лифт, қоқыс шығару) пайдалану нормативтері нақты пайдалану мөлшерімен белгіленеді және нормативтік құжаттарда белгіленген шегі көлемінен аспауы тиіс (құрылыстың нормалары мен ережелері (ҚНжЕ).
      Тұрғын үй көмегін есептеуге барлық коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерінің тарифтерін және олардың өзгеруін қызмет көрсетушілер ұсынады.
      3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi орган болып «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi анықталды, бюджет қаражатын тарату бойынша өкiлеттi орган болып «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi анықталды.

2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу

      4. Тұрғын үй көмегi аз қамсыздандырылған меншiгiнде бiр бiрлiктен көп тұрғын үйi (пәтер, үй) немесе тұрғын үйiн жалға «қосымша жалдауға) беретiн, сондай-ақ еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскер қатарында емес және «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшелерi бар отбасылардан (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратындардан, 18 жасқа дейінгі жастағы мүгедек балаларға қызмет көрсететін тұлғалардан, III топ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын тұлғалардан, айрықша зиянды және аса ауыр еңбек жағдайындағы жұмыста, жер астылық және ашық тау жұмыстарында істейтін (№ 1 және № 2 тізім) мемлекеттік жәрдемақыны алатын тұлғалардан басқалары), басқа отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады. Есептеулер ағымдағы тоқсанда жүргiзiледi, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерiнiң шығындары есепке алынады.
      Жергiлiктi жылу берiлетiн жекеменшiк үйлерде тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегi жылына бiр рет ұсынылады, көмiр нормасы бiр рет алынады.
      Отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерi есепке алынады, алайда отбасына жылына бес тонна көмiрден аспауы керек.
      Көмiрдiң құнын есептеу үшiн тұрғын үй көмегi есептелген алдыңғы тоқсандағы, тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша қалалық ақпарат және статистика басқармасының ұсынған қала бойынша орташа баға пайдаланылады.
      Тұрғын үй көмегi ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады.
      Отбасының табыстары, тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердiң төлемдерiнiң тарифтерi өзгерген кезде тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегiне қайта есептеулер жүргiзедi.
      5. Тұрғын үй көмегi тұрғын үй иесi немесе жалға алушының құжаттар қоса берiлген өтiнiшi негiзiнде тағайындалады:
      1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi;
      3) азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;
      4) отбасының табыстарын растайтын құжаттар;
      5) тұтынылған коммуналдық қызметтердiң шоттары (салыстырып тексеру үшiн).
      Құжаттардың көшiрмесi салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасымен қоса ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтiнiш берушiге сол күнi қайтарылады.
      Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге шыққан шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженiң 5 тармағында көзделген құжаттармен қоса қосымша ұсынады:
      1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
      2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
      Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi төлемдерi шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженiң 5 тармағында көзделген құжаттардан басқа келесiлердi ұсынады:
      1) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсету шартының көшiрмесi.
      Жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемдерi шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) осы Ереженiң 5 тармағында көзделген құжаттардан басқа келесiлердi ұсынады:
      1) жергiлiктi атқарушы орган ұсынған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу мөлшерi туралы шоттар.
      Қайта өтiнiш берген кезде 1, 2, 3 тармақшаларда көрсетiлген құжаттар өзгерiс туындаған жағдайда ұсынылады.
      6. Тұрғын үй көмегiн өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде қарайтын және тұрғын үй көмегi тағайындалғаны немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм шығаратын тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi орган тағайындайды.
      Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi орган шешiм қабылдағаннан кейiн өтiнiш берушiге қабылданған шешiм жөнiнде жазбаша хабарлайды.
      7. Ұсынылған ақпараттың сенiмдiлiгiне күдiк туындаған жағдайда тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi орган тексерiс жүргiзуге өкiлеттi органдарға жiбередi. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi органға заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегiн тағайындалуына әкелген әдейi жалған мәлiметтер берiлсе заңсыз тағайындалған соманы меншiк иесi (жалға алушы) өз еркiмен қайтарады, ал ол бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      8. Тұрғын үй көмегi ақшалай төлемдер түрiнде анықталады. Тұрғын үй көмегi төлемдерi бюджеттiк қаражатты бөлу бойынша өкiлеттi органның қаржыландыруына қарай ай сайын (құқығы болған кезде) жүргiзiледi.
      Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi төлемдерiн өкiлеттi орган екiншi деңгейлi банктер арқылы жүзеге асырады. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткердiң жеке өтiнiшiне сәйкес тұрғын үй көмегi төлемдерi коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлерге жiберiледi. Тұрғын үйдi күрделi жөндеу шығындарына өтемақы және отын (көмiр) құнының шығындарына өтемақы өтiнiш берушiлердiң екiншi деңгейлi банктердегi шоттарына аударылады.

3. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер азаматтардың
(отбасылардың) жиынтық табысын есептеу

      9. Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу бойынша өкiлеттi орган тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 28 шiлдедегi № 237-п бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу Ережесi негiзiнде есептейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады