Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 62 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жай бөлу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 347 қаулысы. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 желтоқсанда № 1-6-161 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 352 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігінің 29.10.2014 № 352 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жай бөлу туралы» 2011 жылғы 23 ақпандағы № 62 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-6-148 тіркелген, 2011 жылғы 2 наурызда «Маяк» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 қосымшаның 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Астрахан селосы, Әл-Фараби көшесі, 44 үй, «Астрахан ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд».
      2.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
      3.Аудан әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Р.Әкімов

      КЕЛІСІЛДІ

      Аудандық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Ю.Наприенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады