Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № А-2/58 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 ақпанда № 1-9-166 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № а-11/546 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 30.10.2014 № а-11/546 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңына,«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Ерейментау ауданындық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Ерейментау ауданында үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн 1 қосымшаға сәйкес орындар белгiленсiн.
      2. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізінде  2 қосымшағасәйкес үй-жайлар берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкiмiнiң орынбасары С.Көшкінбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы Ерейментау ауданының Әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                                М.Мыңжанов

      КЕЛIСIЛДI

      Ерейментау аудандық
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Н.Мұқатов

      Ақмола облысының денсаулық сақтау
      басқармасы жанындағы
      «Ерейментау орталық аудандық ауруханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорынның бас дәрігері                  Б.М.Мирманов

Ерейментау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 21 ақпандағы
№ а-2/58 қаулысына 1 қосымша

Ерейментау ауданында үгiттiк баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар


р/р

Елді мекеннің атауы

Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындары

1.

Ерейментау қаласы

Хабарландыруға арналған тумба, Абай Құнанбаев көшесі 113

Хабарландыруға арналған тумба, Абай Құнанбаев көшесі 114

«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Ерейментау орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд, Аманжол Әлжанов көшесі, 14

2.

Олжабай батыр ауылы

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Благодат орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Шәмшіт Байтуаров көшесі,15

3.

Новокаменка ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің Новокаменка негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Рақымжан Қошқарбаев көшесі 7

4.

Алғабас ауылы

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Алғабас негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Шәйкен Тұрсынбаев көшесі, 18

5.

Күншалған ауылы

«Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Күншалған селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Ильядор Поморцева көшесі, 8

6.

Шәкей ауылы

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Жаңатұрмыс негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жанатұрмыс көшесі, 2

7.

Қаратал ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің Қаратал бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Тәуелсіздік көшесі, 2

8.

Сілеті ауылы

Юрий Гагарин көшесі 4 ақпараттық стенд

Советская көшесі 9 ақпараттық стенд

9.

Еркіншілік ауылы

«Ерейментау ауданының Павловка орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Мұхтар Әуезов көшесі, 2

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Павловка бала бақшасы» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы орналасқан стенд, Юрий Гагарин көшесі, 64 «а»

10.

Веренка ауылы

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Веренка бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Мұқағали Мақатаев көшесі, 9

11.

Еңбек ауылы

Еңбек ауылдық клубы ғимаратының аумағында орналасқан стенд, Шайхы Кәрібаев көшесі, 17

12.

Тайбай ауылы

«Ақмола облысы, Ерейментау ауданы Тайбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Микрорайон 53

Звенигородка дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд, Микрорайон 52 «а»

13.

Елтай ауылы

Елтай ауылының медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд, Достык көшесі 4

14.

Жарық ауылы

Жарық ауылдық клубы ғимаратының аумағында орналасқан стенд, Ынтымақ көшесі, 3

15.

Малтабар ауылы

Малтабар ауылының медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд, Бөгенбай көшесі 6/4

16.

Торғай ауылы

«Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Торғай селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Құрмаш Жәнібеков көшесі, 39

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Торғай орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Сәкен Сейфуллин көшесі, 16

17.

Балықты ауылы

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Балықты бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Орталық көшесі, 14

18.

Жаңажол ауылы

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Жаңажол орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Тәуелсіздік көшесі, 4

19.

Қарағайлы ауылы

Қарағайлы ауылының фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд, Қарағайлы көшесі,16

20.

Ақмырза ауылы

«Ерейментау ауданы, Ақмырза селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жастар көшесі, 20

21.

Жолбасшы ауылы

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Жолбасшы бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы орналасқан стенд, Жолбасшы көшесі, 26

22.

Ақсуат ауылы

«Ерейментау ауданы Новодолинка орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Школьная көшесі, 6

«Новодолинка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағында жанындағы стенд, Бөгенбай батыр көшесі, 18/1

23.

Изобильное ауылы

«Ерейментау ауданы, Изобильный ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Қазақстан көшесі, 9.

24.

Бозтал ауылы

«Ерейментау ауданы Бозтал ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Достық көшесі, 2

25.

Өленті ауылы

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Өленті орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Мәншүк Маметова көшесі, 2/1

26.

Новомарковка ауылы

«Балабек Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Киселев көшесі, 20

Новомарковка ауылдық кітапханасы ғимаратының жанындағы стенд, Целинная көшесі, 18 «а».

27

Қойтас ауылы

«Қойтас селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Бейбітшілік көшесі, 10

28

Ажы ауылы

«Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ажы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Зейін Шашкин көшесі, 6

29

Бестоғай ауылы

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Бестоғай орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Абай Құнанбаев көшесі, 31

30

Байсары ауылы

«Ерейментау ауданы Байсары бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жеңіс көшесі, 5/2.

31

Қызылту ауылы

Қызылту ауылының медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд, Бәйтерек көшесі 4/2

32

Қоржынкөл станциясы

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Қоржынкөл бастауыш мектебінің» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы орналасқан стенд, Саққұлақ би көшесі, 5/1

Ерейментау ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 21 ақпандағы
№ а-2/58 қаулысына 2 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық
негізде берілетін үй-жайлар


р/р

Елді мекеннің атауы

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай орындары

1.

Ерейментау қаласы

Ерейментау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Үмбетей жырау атындағы Ерейментау аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының концерт залы, Шоқан Уалиханов көшесі, 43

2.

Олжабай батыр ауылы

Благодат дәрігерлік амбулатория холлы, Киров көшесі 25

3.

Күншалған ауылы

Күншалған ауылдық клубының холлы, Ильядор Поморцев көшесі, 1

4.

Сілеті ауылы

Сілеті ауылы мәденит үйінің холлы, Ыбрай Алтынсарин көшесі 2

5.

Еркіншілік ауылы

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің  Торғай орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің акт залы, Сакен Сейфуллин көшесі, 2

6.

Торғай ауылы

«Ерейментау ауданының Павловка орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің акт залы, Мұқтар Әуезов көшесі, 2

7.

Ақсуат ауылы

Новодолинка ауылдық клубының күту залы, Ыбрай Алтынсарин көшесі, 4

8.

Изобильное ауылы

«Ерейментау ауданы Изобильное орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің акт залы, Республика көшесі, 42

9.

Бозтал ауылы

Бозтал ауылы дәрігерлік амбулатория холлы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 8

10.

Өлеңті ауылы

«Ерейментау ауданы білім бөлімінің Өлеңті орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің акт залы, Мәншүк Маметова көшесі, 1/1

11.

Новомарковка ауылы

Новомарковка ауылы дәрігерлік амбулатория холлы, Целинное көшесі, 8 а

12.

Ажы ауылы

«Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ажы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің спорттық залы, Зейн Шашкин көшесі, 6

13.

Бестоғай ауылы

«Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Бестоғай орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің акт залы, Абай Құнанбаев көшесі, 31

14.

Тайбай ауылы

Тайбай ауылдық дәрігерлік амбулатория холлы, Микрорайон көшесі, 52 «а»

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады