Есіл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 45/7 шешімі. Ақмола облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 12 қаңтарда № 1-11-146 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.11.27 № 12/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Есіл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін берудің Ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Жаңабергенов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  С.Құдабаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Есіл ауданының әкімі                       Қ.Рахметов

Аудандық мәслихаттың 
2011 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 45/7 шешімімен   
БЕКІТІЛГЕН     

Есіл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін берудің Ережесі

      Ескерту. Ереженің атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленген және Есіл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындау көлемін және тәртібін белгілейді.

1.Жалпы қағидалар

      Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) келесі төлемдер бойынша шығындарын қайтару үшін ұсынылды:
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұратын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалдаушы) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонның абоненттік төлемінің көбеюіне байланысты байланыс қызметтерін тұтынуға;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланған үшін жалға алу төлемақысына.
      Қамтылуы аз отбасыларының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      2. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Тұрғын үйді ұстау және қызметтерді пайдалану төлемінің шекті жол шығындарының берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне 11 пайыз көлемінде белгіленеді.
      Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген үй көлемінің нормасынан артығын жалпыға бірдей төленеді.
      3. Өтемақы шарамен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданады.
      Бір айға адам басына нақты тұтыну мөлшерінде, бірақ 75 киловаттан аспайтын электр энергиясының шығыны белгіленсін.
      Пәтерде қолданбалы газды плитасы бар жағылған газ шығынының мөлшері бір адамнан тұратын отбасында – газ шығыны 8 килограммға тең, екі және үш адамнан тұратын отбасына – 10 килограмм, төрт және одан көп адамнан тұратын отбасына – айына 8 килограммнан екі газ баллон.
      Жеке салынған пешпен жылытылатын үйлерде тұратын отбастарына тұрғын үй көмегінің есебіне көмірдің нормасын тұрғын үй әлеуметтік нормасына сәйкес тұрғын алаңының 1 шаршы метріне 49,75 килограмм, бірақ жылына отбасына 5 тоннадан асырмай есептеледі.
      Статистикалық деректер бойынша алдыңғы тоқсанда қалыптасқан, орташаланған көмірдің құны қабылдансын.
      Ескерту. Ереженің 3 тармағына өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді жүргізетін атқарушы органы болып «Есіл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілді.

2.Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау құжаттарды берген айдан бастап толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, сонымен қатар коммуналдық қызмет көрсетуге өткен тоқсандағы от басының кірісі мен шығысы еске алынады.
      Ескерту. Ереженің 5 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі өтінішті үй иесі, үйді жалға алушы (қосымша жалдаушылардың) мына құжаттарды қоса тапсырады:
      1) өтініш берген азаматтың жеке куәлік құжатының көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқығы барын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрақты мекенжайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекенжайының анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
      4) отбасының табысын растайтын құжаттары;
      5) кондоминиум объектісі жалпы мүлкінің күрделі жөндеуіне нысаналы жарна көлемі туралы шоты;
      6) кондоминиум жалпы объектісінің күрделі жөндеудің жеке түрлерін жүргізуге жергілікті атқару органдарымен (тұрғын үй инспекциясы) келісілген, меншік иелері мен пәтерлерді жалға алушылардың жалпы жиналысында бекітілген және кондоминиум объектісін басқару органының мөрі басылып, басшысының қолы қойылған шығындар сметасы негізінде Кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум жалпы объектісінің күрделі жөндеуіне қаражат жинауға ай сайынғы жарна көлемі туралы шоты;
      7) коммуналдық қызмет тұтыну шоты;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған келісім шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді қолданғаны үшін жергілікті атқарушы органы ұсынатын жалгерлік төлемақының көлемі туралы шоты.
      Ескерту. Ереженің 6 тармағына өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткізгеннен соң түпнұсқалар қайтарылады.
      8. алынып тасталды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9. Тұрғын үй көмегі жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар отбасыларын (азаматтарды) немесе тұрғын үйін жалдауға (қосымша жалдауға) беретін, сондай-ақ еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде жұмыссыз ретiнде тіркелмеген (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) мүшелері бар отбасыларын қоспағандағы отбасыларына (азаматтарға) тоқсан сайын тағайындалады.
      Ескерту. Ереженің 9 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Өзгерістер туындаған жағдайда (тұрғын үй меншік нысандары, отбасы құрамы) өтініш иесі өзгерістер енген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде уәкілетті органға хабарлайды.
      10. Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi мына жағдайларда тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады:
      1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгілеген 11 % шығыстарының шекті мүмкін деңгейінен аспайтын болса;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) жалған мәліметтер берсе.
      Ескерту. Ереженің 10 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін қабылданған шешім туралы өтініш иесіне жазбаша хабарлама береді.
      11. Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
      Ескерту. Ереженің 11 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтініш жасап өзі келгенде немесе пошталық хабарламаның көмегімен жүзеге асырылады.
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына күдік туындаған жағдайда, «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға өтініш жасайды. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегінің тағайындалуына ұрындыратын әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      Ескерту. Ереженің 12 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облысы филиалының Есіл аудандық пошта байланыс торабы арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.
      Ескерту. Ереженің 13 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың)
жиынтық кірісін есептеу

      14. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай–ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығын негізге ала отырып, тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан есептейді.
      Ескерту. Ереженің 14 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      15. алынып тасталды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      16. алынып тасталды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      17. алынып тасталды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.04.24 № 6/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады