Қорғалжын ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 5/29 шешімі. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 мамырда № 1-15-163 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 4/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 08.09.2016 № 4/7 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Қорғалжын ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары № 1 қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Үсенов
      Аудандық мәслихат хатшысы Ө.Балғабаев

      "Келісілді"
      Қорғалжын ауданының әкімі С.Қасенов

  Аудандық мәслихатының
2011 жылғы 6 сәуірдегі
№ 5/29 шешіміне 1 қосымша

Қорғалжын ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары

р/с

Елді мекен-атауы

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары

1
1.1. Өркендеу ауылы
1.2. Жұмай ауылы
Өркендеу ауылындағы орталық алаң
Жұмай ауылындағы орталық алаң
2
2.1. Арықты ауылы
2.2. Құлтай ауылы
2.3. Садырбай ауылы
2.4. Сулыкөл ауылы
Арықты ауылындағы орталық алаң
Құлтай ауылындағы орталық алаң
Садырбай ауылындағы орталық алаң
Сулыкөл ауылындағы орталық алаң
3
3.1. Майшұқыр ауылы
3.2. Құмкөл ауылы
Майшұқыр ауылындағы орталық алаң
Құмкөл ауылындағы орталық алаң
4
4.1. Шалқар ауылы
4.2. Үшсарт ауылы
4.3. Алмас ауылы
Шалқар ауылындағы орталық алаң
Үшсарт ауылындағы орталық алаң
Алмас ауылындағы орталық алаң
5
5.1. Жантеке ауылы
5.2. Қарғалы ауылы
5.3. Ұялы ауылы
Жантеке ауылындағы орталық алаң
Қарғалы ауылындағы орталық алаң
Ұялы ауылындағы орталық алаң
6
6.1. Кенбидайық ауылы
6.2. Екпінді ауылы
Кенбидайық ауылындағы орталық алаң
Екпінді ауылындағы орталық алаң
7
7.1. Қорғалжын ауылы
7.2. Біртабан ауылы
7.3. Абай ауылы
Аудан орталығындағы Әділхан Шабатов атындағы алаң
Біртабан ауылындағы орталық алаң
Абай ауылындағы орталық алаң
8
8.1. Сабынды ауылы
8.2. Қараегін ауылы
8.3. Алғабас ауылы
Сабынды ауылындағы орталық алаң
Қараегін ауылындағы орталық алаң
Алғабас ауылындағы орталық алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады