2011 жылы Шортанды ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № А-1/34 қаулысы. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 наурызда № 1-18-129 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № А-9/241 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 23.10.2014 № А-9/241 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 720 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 78 тармақтарына сәйкес, жұмыс табуда қиындық көріп жүрген жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен уақытша қамтылуын қамтамасыз ету үшін Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданында 2011 жылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Шортанды ауданы ұйымдарының тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерлері мен оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
      3. Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберуді олардың келісімімен тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырсын;
      2) жеке шотқа аудару арқылы қызметкерге жасалған еңбек шарттың негізінде ай сайын ең төменгі жалақының төлемін аудан бюджетінің қаражат есебінен жүзеге асырсын.
      4. Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстардың қаржыландырылуын 2011 жылғы аудан бюджетінде көзделген қаражаттар шегінде қамтамасыз етсін.
      5. Шортанды ауданы әкімдігінің «2010 жылы Шортанды ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2010 жылғы 23 ақпандағы № А-1/34 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1-18-107 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 сәуірде «Вести», «Өрлеу» аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары М.А.Атабаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының әкімі                   С.Қамзебаев

      КЕЛІСІЛДІ

      «Ақмола облысы Шортанды ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлім»
      ММ бастығы                                 Е.Беғімқұлов

      Шортанды ауданының «Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» ММ бастығы                         Ж.Мунтаева

      Шортанды ауданының «Экономика
      және қаржы бөлімі ММ бастығы               Е.Рысьева

Шортанды ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 22 ақпандағы
№ А-1/34 қаулысымен бекітілген

Шортанды ауданы ұйымдарының тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерлері мен оларды қаржыландыру көздері

Ұйымның атауы

Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері

Орындалатын қоғамдық жұмыстардың көлемі

1

Шортанды ауданының «Раевка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Село аумағын жинау және абаттандыру

10000 шаршы метр

2

Шортанды ауданының «Шортанды кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Кент аумағын жинау және абаттандыру
Іс жүргізуде көмек көрсету

39000 шаршы метр

800 іс, 101
кітап

3

Шортанды ауданының «Новокубанка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Округтің аумағын жинау және абаттандыру
Іс жүргізуде көмек көрсету

10000 шаршы метр

150 іс, 30 кітап

4

Шортанды ауданының «Дамса селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Округтің аумағын жинау және абаттандыру
Іс жүргізуде көмек көрсету

10000 шаршы метр

200 іс, 55 кітап

5

Шортанды ауданының «Научный кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Кент аумағын жинау және абаттандыру

10000 шаршы метр

6

Шортанды ауданының «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Округтің аумағын жинау және абаттандыру
Іс жүргізуде көмек көрсету

23000 шаршы метр

180 іс, 43 кітап

7

Шортанды ауданының «Андреевка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Округтің аумағын жинау және абаттандыру

12000 шаршы метр

8

Шортанды ауданының «Бектау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Округтің аумағын жинау және абаттандыру
Іс жүргізуде көмек көрсету

12000 шаршы метр

135 іс, 27 кітап

9

Шортанды ауданының «Жолымбет кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Кент аумағын жинау және абаттандыру
Іс жүргізуде көмек көрсету

20000 шаршы метр

150 іс, 69 кітап

10

Шортанды ауданының «Петровка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Округтің аумағын жинау және абаттандыру
Іс жүргізуде көмек көрсету

4828 шаршы метр

100 іс, 28 кітап

11

Шортанды ауданының «Новоселовка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Округтің аумағын жинау және абаттандыру
Іс жүргізуде көмек көрсету

1800 шаршы метр

100 іс, 18 кітап

12

Шортанды ауданының «Пригородное селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Округтің аумағын жинау және абаттандыру
Іс жүргізуде көмек көрсету

7000 шаршы метр

90 іс, 20 кітап

13

«Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Іс жүргізуде көмек көрсету

1534 іс

кестенің жалғасы

Қытысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерлері

Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары

Қаржыландыру көздері

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

жалақының ең төменгі мөлшерінде

қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек шартын жасаған сәттен бастап

аудандық бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады