Бурабай аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 10 ақпандағы № С-30/2 "Бурабай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы № С-38/2 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 қарашада № 1-19-210 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 қарашадағы № 01-15/177 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 11.11.2014 № 01-15/177 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес және Бурабай ауданы әкімінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 01-10-1024 хаты негізінде Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай аудандық мәслихаттың «Бурабай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2011 жылғы 10 ақпандағы № С-30/2 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-194 тіркелген, 2011 жылғы 17 наурызда аудандық «Бурабай» газетінде, 2011 жылғы 17 наурызда аудандық «Луч» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіш мөлшерінен аспайтын тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие түріндегі 2011 жылға арналған әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын».
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХХХVIIІ (кезектен тыс)
      мәслихаттың хатшысы                        Г.Прохорова

      Аудандық
      сессиясының төрағасы                       Г.Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады