Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қазандағы № С-38/3 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 қарашада № 1-19-212 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5С-12/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
      2. Бурабай аудандық мәслихаттың «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 3 шілдедегі № С-7/7 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-130 тіркелген, 2008 жылғы 28 тамыздағы «Бурабай» аудандық газетінде, 2008 жылғы 25 тамыздағы «Луч» аудандық газетінде жарияланған), «Щучье аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 шілдедегі № С-7/7 «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № С-10/4 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-144 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған), «Щучье аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 шілдедегі № С-7/7 «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 20 мамырдағы № С-14/2 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-162 тіркелген, 2009 жылғы 9 шілдедегі «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған), «Бурабай аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 шілдедегі № С-7/7 «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № С-21/2 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-172 тіркелген, 2010 жылғы 4 ақпандағы «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХХХVIII (кезектен тыс)
      мәслихаттың хатшысы                        Г.Прохорова

      Аудандық
      сессияның төрағасы                         Г.Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Балахонцев

Бурабай аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 21 қазандағы
№ С-38/3 шешімімен бекітілді

Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Бурабай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшері мен тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Бурабай ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемдеріне;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
      3) байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне көрсетіледі;
      4) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына төлеуге берiледi.
      2. Аз қамтамасыз етiлген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемдері, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысының тұтыну нормалары шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011.04.18 № 5С-4/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      4. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 11 % (пайыз) мөлшерінде белгіленеді.
      5. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен аз болмауға тиіс.
      6. Электр энергиясының шығын нормасын бір адамға айына 100 (жүз) кВт артық емес белгілеу. Коммуналдық қызметтерді тұтыну нақты пайдаланылған қызметтерден шыға отырып есептеледі, бірақ белгіленген нормалардан артық емес.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      8. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      9. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
      10. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) келесі құжаттар қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекен-жайының аңықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкімдердің аңықтамасы);
      4) отбасы мүшелерінің табыстарын растайтын құжаттар;
      5) алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011.04.18 № 5С-4/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот.
      Ескерту. 10 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011.04.18 № 5С-4/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      11. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттармен қоса ұсынады:
      1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
      2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
      Ескерту. 11 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011.04.18 № 5С-4/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      12. Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтері төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі.
      13. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің мөлшері туралы шоттар.
      14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
      15. Қайта өтініш берген кезде 10 тармағындағы 1, 2, 3, 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттар өзгеріс туындаған жағдайда ұсынылады.
      16. Тұрғын үй көмегі меншігінде бір бірліктен көп тұрғын үйі (пәтер, үй) немесе тұрғын үйін жалға беретін, сондай-ақ еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскер қатарында емес және «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылардан (күтім көрсетуге мұқтаж адамдардың күтімін жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) басқа аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады.
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі жағдайларда шығарады:
      1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының осы мақсаттарға белгілеген 11 % шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалған мәліметтер көрсетілсе.
      Ескерту. 17 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011.04.18 № 5С-4/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      18. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
      19. Тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жасалады;
      20. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға жібереді. «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      21. Аз қамсыздандырылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады. Тұрғын үй көмегін алуға үміткердің жеке өтінішіне сәйкес коммуналдық қызметтерге бөлінетін тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтер көрсетушілеріне қаражат аудару арқылы жасалады. Телефон үшін өтемақы және тұрғын үйді күрделі жөндеу шығындарына өтемақы өтініш берушілердің екінші деңгейлі банктердегі шоттарына аударылады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының
(азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      22. Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.
      Ескерту. 22 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011.04.18 № 5С-4/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады