Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 414 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 327 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 31 қазанда № 3377 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Темір ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес Саркөл ауылдық округінің шекаралары, оның құрамынан жалпы көлемі 14400 гектар аумақты, соның ішінде Бәшенкөл ауылын және жалпы көлемі 1380 гектар аумақты шығара отырып өзгертілсін.
      Жалпы көлемі 140543 гектар Саркөл ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес Шұбарши кенттік округінің шекаралары, оның құрамынан жалпы көлемі 29532 гектар аумақты, соның ішінде Кеңқияқ ауылын шығара отырып өзгертілсін.
      Саркөл ауылдық округінен шығарылған, жалпы көлемі 1380 гектар аумақ Шұбарши кенттік округінің құрамына қосылсын. Әкімшілік орталығы Шұбарши кенті болып, жалпы көлемі 15248 гектар Шұбарши кенттік округінің шекаралары белгіленсін.
      3. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес, әкімшілік орталығы Кеңқияқ ауылы болып, құрамына жалпы көлемі 43932 гектар аумақты, соның ішінде Кеңқияқ және Бәшенкөл ауылдарын қоса отырып, Кеңқияқ ауылдық округі құрылсын.
      4. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ және «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстауды жоспарлауға және қаржыландыруға байланысты мәселелерді шешсін.
      5. «Ақтөбе облысының статистика басқармасы» ММ (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
      6. «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ жер-кадастр құжаттамаларын Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.
      7. Әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      8. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А.МҰХАМБЕТОВ

      Облыстық
      мәслихаттың хатшысы                        Б.ОРДАБАЕВ

      Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы                            Д.ДОВМАТЕНКО

      РҚАО ескерту. Кестені қағаз мәтінінен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады