2011 жылы аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 118 қаулысы. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 сәуірде № 3-3-122 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі аппаратының 2013 жылғы 22 ақпандағы № 05-1/419 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі аппаратының 2013.02.22 № 05-1/419 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. 2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі бекітілсін № 1 қосымшаға сәйкес.
      2. 2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін № 2 қосымшаға сәйкес.
      3. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен 2011 жылға белгіленген ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде белгіленсін.
      4. «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (А.Нұржан) жұмыссыз азаматтарға қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
      5. «Алға аудандық қаржы бөлімі» ММ (Т.Төлегенов) мен «Алға аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» ММ (Г.Ахметова) белгіленген қаражат шегінде жұмыссыздарға ақылы қоғамдық жұмыс ұйымдастыру мақсатында қаржыландыруды аудан бюджетінен қамтамасыз етсін.
      6. Алға ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 416 «2010 жылы жұмыссыздарға ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту және ұйымдастыру туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-3-97 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 3 «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                  Қ.Сарсенғалиев

Қосымша № 1
Алға ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 4 наурыздағы
№ 118 қаулысымен бекітілді

2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

      «Алға қалалық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Бестамақ селолық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Бесқоспа селолық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Ильинка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Қарабұлақ селолық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Қарағаш селолық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Қарақұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Қарақобда селолық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Маржанбұлақ селолық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Сарыхобда селолық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Үшқұдық селолық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Тамды селолық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Тоқмансай селолық округі әкімінің аппараты» ММ
      «Ақтөбе облысы Алға ауданы қорғаныс істері бөлімі» ММ
      «Алға аудандық ішкі істер бөлімі» ММ
      «Алға аудандық білім,дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
      «Алға ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ
      «Алға Тазалық» КМК
      «Алға аудандық орталық аурухана» МКҚК
      «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Ақтөбе облыстық инспектурасы» ММ
      «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (жеке келісім-шарт бойынша)

Қосымша № 2
Алға ауданы әкімдігінің 2011 жылғы
4 наурыздағы № 118 қаулысымен бекітілген

2011 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі

Қоғамдық жұмыстардың (жобаның) түрлері

Адам саны

Барлығы

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1

2

3

4

5

6

7

1

«Тұрғын үй құрылысы, жөндеу және әлеуметтік мәдени объектілерді жөндеу» жобасы

109

33

32

33

11

2

«Санақ» жобасы

49

34

9

6


3

«Көгалдандыру және абаттандыру» жобасы

158

23

43

58

34

4

«Ауыл шаруашылығы» жобасы

4


2

2


Қоғамдық жұмыстардың (жобаның) түрлері

Жұмыс істеу мерзімі

(ай)

Ай сайынғы төлемақы көлемі (теңге)

Еңбекақы қоры

(мың теңге)

1

2

13

14

15

1

«Тұрғын үй құрылысы, жөндеу және әлеуметтік мәдени объектілерді жөндеу» жобасы

3,2

16799

5961,0

2

«Санақ» жобасы

3,2

16799

2680,0

3

«Көгалдандыру және абаттандыру» жобасы

3,2

16799

8641,0

4

«Ауыл шаруашылығы» жобасы

3,2

16799

218,0

кестенің жалғасы

Қоғамдық жұмыстардың (жобаның) түрлері

Келісім шарт бойынша жұмыс көлемі (жоба) мың теңге

Барлығы

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1

2

8

9

10

11

12

1

«Тұрғын үй құрылысы, жөндеу және әлеуметтік мәдени объектілерді жөндеу» жобасы

5961,0

1816,0

1745,0

1800,0

600,0

2

«Санақ» жобасы

2680,0

1841,0

529,0

310,0


3

«Көгалдандыру және абаттандыру» жобасы

8641,0

1238,0

2367,0

3148,0

1888,0

4

«Ауыл шаруашылығы» жобасы

218,0


109,0

109,0


Қоғамдық жұмыстардың (жобаның) түрлері

Қаржыландыру көзі, көлемі (мың теңге)

Барлығы

Жергілікті бюджет

Жұмыс беруші есебінен

1

2

16

17

18

1

«Тұрғын үй құрылысы, жөндеу және әлеуметтік мәдени объектілерді жөндеу» жобасы

5961,0

ЖБ


2

«Санақ» жобасы

2680,0

ЖБ


3

«Көгалдандыру және абаттандыру» жобасы

8641,0

ЖБ


4

«Ауыл шаруашылығы» жобасы

218,0

ЖБ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады