Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 шілдедегі № 128 "Ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы"

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 239 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 19 тамызда № 3-8-135 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қазандағы № 43 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.10.25 № 43 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттк басқару және өзін-өзі басқару тралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, 7 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың «Ауданда бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі № 128 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-96, 2009 жылғы 2 қыркүйекте «Мәртөк тынысы» № 41-42 газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мәртөк селосында Есет-Көкіұлы көшесінде орналасқан «Жастық» мәдени және демалыс саябағы».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                   Адандық мәслихат
    сессиясының төрайымы                      хатшысы

         Н.Құсаинова                        А.Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады