Байнассай ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 желтоқсанда № 3-8-143 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі атауына өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 04.06.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Орыс тіліндегі шешімнің атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "аула", "аульного округа Байнассай", "аульного" сөздері "села", "Байнассайского сельского округа", "сельского" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 24.02.2015 № 3 шешімімен (алғашқы оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемесінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 18.03.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Байнассай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Байнассай ауылының келесі көшелерінің атаулары:

      1) улица Мира - Бейбітшілік көшесі

      2) улица Студентческая - Жастар көшесі

      3) улица Подгорная - Ы.Алтынсарин көшесі

      4) улица Механизаторская - Бөгенбай батыр көшесі

      5) Центральный переулок - Орталық бұрылыс

      6) Заводской переулок - Ынтымақ бұрылыс

      7) улица Ф.Э.Дзержинского - Ф.Э.Дзержинский көшесі деп атауы берілсін.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің 04.06.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауылдық округінің әкім аппаратының жетекші маманы К.З.Агайдароваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байнассай ауылдық округінің әкімі: С. Н. Кошмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады