Аққұдық ауылдық округінің Вознесеновка ауылының көшелеріне атау беру және өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қарашада № 3-8-141 тіркелді

      Ескерту. Орыс тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "аульного округа Аккудык", "в улицу" сөздері "Аккудыкского сельского округа", "на улицу" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 05.02.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Вознесеновка ауылындағы келесі көшелерінің атаулары:
      1) Первомайская көшесі - Б.Момыш – ұлы көшесі;
      2) Мира көшесі - Бейбітшілік көшесі;
      3) 50 лет Октября көшесі – Д. Қонаев көшесі;
      4) Херсонская көшесі – Тәуелсіздікке 20 жыл көшесі;
      5) Советская көшесі - Есет-батыр көшесі;
      6) Кирова көшесі – Достық көшесі;
      7) Новая көшесі - Абай көшесі деп өзгертілсін.
      2. Аталмыш шешімге қосымша берілген схемалық картаға сай орналасқан Вознесеновка ауылының көшесіне "Ақбұлақ", "Украинская", "Шахтинская" атау берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау жетекші маман Г. Қазтуғановаға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аққұдық ауылдық округінің әкімі:

Қ. Отаралин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады