2011 жылғы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау ретінде көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредит беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы № 296 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 қарашада № 3-11-101 тіркелді. Қолдану мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 27 хаты

      Ескерту. Қолдану мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2012.03.30 № 27 Хаты.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы » Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 3- тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ретінде жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілетін болып бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 тамызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

        Аудандық мәслихат               Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрайымы:                   хатшысы:

           Қ.АЛТЫМОВ                        Б.БИСЕКЕНОВ  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады