Көптоғай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай округі әкімінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 8 шешімі. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 қазанда № 3-11-94 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула" сөздері тиісінше "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 30.07.2015 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4-тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көптоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Көптоғай ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
      1) Қазақстан көшесі;
      2) Ардагер көшесі;
      3) Достық көшесі;
      4) Жеңіс көшесі;
      5) Тәуелсіздік көшесі;
      6) Мектеп көшесі;
      7) Астанаға 10 жыл көшесі;
      8) Тұрғын үй-91 көшесі;
      9) Наурыз көшесі;
      10) Тамдыкөл көшесі;
      11) Құрман көшесі;
      12) Сапы көшесі;
      13) Бейбітшілік көшесі.
      2. Амангелді ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
      1) Жаңақадам көшесі;
      2) Алғабас көшесі;
      3) Ынтымақ көшесі;
      4) Бейбітшілік көшесі;
      5) Астана көшесі.
      3. Қарасу ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін::
      1)Тамдыкөл көшесі;
      2) Мақпалкөл көшесі;
      3) Алашорда көшесі;
      4) Ойыл көшесі.
      4. Шұбарши ауылының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
      1) Ақсай көшесі;
      2) Желтоқсан көшесі;
      3) Тәуелсіздік көшесі;
      4) Достық көшесі.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі: Ғ. Амирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады