Денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларының 2011 жылға арналған мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 239 шешімі. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 мамырда № 3-12-135 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.04.26 № 30 Шешімімен.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларының 2011 жылға арналған мөлшері төмендегідей болып белгіленсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      Ескерту. 1 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2011.07.21 № 248 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі. Кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01%-ы мөлшерінде белгіленсін.
      3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 17 ақпанында № 3-12-111 номермен тіркелген, «Хромтау» аудандық газетінің 2010 жылдың 18 наурызындағы № 13 санында жарияланған аудандық мәслихаттың «Мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы» 2010 жылғы 28 қаңтардағы № 172 шешімінің күші жойылды деп саналсын.
       4. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                Аудандық мәслихаттың
    сессиясының төрайымы                     хатшысы

         Е.Юшкевич                         Д.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады