Қарасай ауданы бойынша қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 12-1362 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 13 қаңтарда N 2-11-111 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 9-1299 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 05.09.2016 № 9-1299 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 15.05.2013 N 5-603 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік түріне қарамастан Қарасай ауданының ұйымдары мен мекемелерінде қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 15.05.2013 N 5-603 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Дәуренбаев
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қарасай ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы Жұмағұлов Махмұдбек Нүсіпбекұлы

Об установлении квоты рабочих мест для лиц состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Карасайскому району

Постановление акимата Карасайского района Алматинской области от 20 декабря 2011 года N 12-1362. Зарегистрировано Управлением юстиции Карасайского района Департамента юстиции Алматинской области 13 января 2012 года N 2-11-111. Утратило силу постановлением акимата Карасайского района Алматинской области от 5 сентября 2016 года № 9-1299

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карасайского района Алматинской области от 05.09.2016 № 9-1299.
      Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными постановлением акимата Карасайского района Алматинской области от 15.05.2013 N 5-603 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях социальной защиты лиц, освобожденных из мест лишения свободы, для обеспечения их занятости, акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц состоящих на учете службы пробации, а так же лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере трех процентов от общей численности рабочих мест в предприятиях и организациях Карасайского района независимо от форм собственности.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата Карасайского района Алматинской области от 15.05.2013 N 5-603 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего (вопросы социальной сферы) заместителя акима района.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района А. Дауренбаев
      СОГЛАСОВАНО:
      Начальник государственного
      учреждения "Отдел занятости
      и социальных программ
      Карасайского района" Жумагулов Махмудбек Нусупбекович