Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі N 322 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихаттың 2011 жылғы 7 желтоқсандағы N 41-8 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қаңтарда N 1803 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 2) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сарыкемер ауылдық округінің әкімшілік шекарасына «Үшбұлақ» өндірістік кооперативінің аумағында орналасқан мемлекеттік жер қорынан жалпы көлемі 84,79 гектар жер қосылып Байзақ ауданының Сарыкемер ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін.
      2. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс Әкімі
      Қ. БОЗЫМБАЕВ
.

Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
А. Майлыбаев

      Облыстық мәслихат
      Хатшысы
      Ә. ӘСІЛБЕКОВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады