2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 344 Қаулысы. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 31 қаңтарда 6-7-76 нөмірімен тіркелді.Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2015 жылқы 19 қарашадағы № 359 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 19.11.2015 № 359 ќаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы негізінде, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тiзбесi 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс 2 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      3. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (С.Сатылғанов) аудандық мекемелердің басшылары және ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезеңде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
      4. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Б.Шынжарбеков) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақтылы қаржыландыру және қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Есеевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан Әкімі С.Арубаев

       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы Мойынқұм
      аудандық Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Ғ. Даминов
      29.12.2011 жыл
      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      Жамбыл облысының Әділет департаменті
      Мойынқұм ауданының Әділет басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      А. Байтереков
      29.12.2011 жыл

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2011 жылғы "29" желтоқсандағы
№ 344 қаулысына № 1 қосымша

2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы мекемелердің тiзбесi

1
"Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2
"Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3
"Биназар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4
"Қызылтал ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
5
"Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6
"Мойынқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7
"Қылышбай ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
8
"Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
9
"Ұланбел ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10
"Күшаман ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11
"Ақбақай кенттік округінің әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
12
"Шығанақ кентттік округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
13
"Аксүйек кентттік округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
14
"Хантау кентттік округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
15
"Мыңарал ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
16
"Мирный кентттік округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
17
"Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
18
"Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі
19
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті Мойынқұм ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 344 қаулысына № 2 қосымша

2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс


Жұмыс түрлері
Нақты жұмыс жағдайлары
Көлемі
Қаржы көздері, ақының мөлшері
Сұраныс
Ұсыныс
1.
Аудан аумағын көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарына көмек көрсету
1. Арық тазалау
2. Қоқыс шығару
3. Бағаналарды сырлау
4. Гүл егу және оны күту
Қажеттілігіне сәйкес
26158,00 жергілікті бюджеттен
72
72
2.
"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуына көмек көрсету
1.Тал егу, оны суғару
2.Талдардың түбін әктеп ретке келтіру
Қажеттілігіне сәйкес
26158,00 жергілікті бюджеттен
71
71
3.
Ұйымдардағы іс-жүргізуге көмек көрсету
Құжаттарды рәсімдеу
Қажеттілігіне сәйкес
26158,00 жергілікті бюджеттен
10
10
Барлығы
 
 
153
153

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады