Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 55/415 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 қаңтарда N 8-4-266 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 4/31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 26.04.2021 № 4/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы", 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулыларына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 24.08.2016 N 4/50 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азаматтар құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді және 2011 жылдың 21 қарашасынан туындаған қатынастарға таратылады.

Сессия төрағасы

Е. Баймағанбетов

Қалалық мәслихаттың хатшысы

И. Сторожко

"КЕЛІСІЛДІ"


Қала әкімі

Тейлянов К.Г.

26 желтоқсан 2011 жыл


"Балқаш қаласының жұмыспен


қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

Томпиева Ж.К.

27 желтоқсан 2011 жыл


"Балқаш қаласының қаржы


бөлімі" мемлекеттік мекемесінің


бастығының міндетін атқарушы

Тлеулесова Ж.М.


      28 желтоқсан 2011 жыл

  Балқаш қалалық мәслихатының
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
N 55/415 шешімімен бекітілген

Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы", 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қаулыларына сәйкес әзірленді және Балқаш қаласы және әкімшілік-аумақтық іргелес кенттерде тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен берілетін мөлшерін анықтайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алушы - тұрғын үй көмегін алатын өтініш беруші (бұдан әрі-алушы);

      1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;

      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу – қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;

      5) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

      6) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;

      7) отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы – отбасылармен (азаматтармен) алынған тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азаматтар) алған табысының жалпы сомасы.

      Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы тұрғын үй қатынастар саласында салааралық үйлестіру жұмыстарын атқаратын және басшылық ететін орталық атқарушы органмен бекітілген тәртіпке сәйкес уәкілетті органмен есептелінеді.

      8) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);

      9) Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады;

      10) тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);

      11) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;

      12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      13) шот - тұрғын үйді күтіп-ұстау шығындарын, коммуналдық қызметтерін, күнделікті эксплуатациялық шығындарын, байланыс қызметтерiн төлеуге, жергiлiктi атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына жұмсалған шығыстарының төлеу құжаты (түбіртек, хабарлама, анықтама), қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізілімде немесе өтініш беруші тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қағаз жеткізілімде ұсынылады.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.07.18 N 6/55 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді); 27.03.2013 N 13/111 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2014 N 29/227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi); 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2020 № 37/304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 18.03.2020 № 37/304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi) шешімімен.

      2-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. Ереже 2-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. Ереже 2-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі Балқаш қаласында және әкімшілік-аумақтық іргелес кенттерде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) болып табылатын, тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары тұрғын үй ауданы нормасының шегінде, бірақ нормативтері және нақты қолданыстағы жалпы ауданнан артпайтын болса, осы мақсаттарға жұмсалатын шығындардың отбасы бюджетіндегі мүмкіндік шегі деңгейінен асатын жағдайда беріледі.

      Жалпы сома есебімен жоғарыда аталған мақсаттарды төлеуге шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық табысына 8 пайыз мөлшерде белгіленеді және осы мөлшер аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмегін көрсетудің өлшемі болып табылады.

      4. Жеке тұрғын үйде тұратын меншік иесіне коммуналдық қызметтеріне және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғайту бөлiгiнде байланыс қызметтерiне тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

      5. Кондоминиум құрылмаған көп пәтерлі тұрғын үйде тұратын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтеріне, күнделікті эксплуатациялық шығындарына және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғайту бөлiгiнде байланыс қызметтерiне тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау

      6. Уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін көрсетуде келесі нормалар есепке алынады:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы бір адамға, тұрғын үй заңнамасымен белгіленген, пәтердің жалпы көлемі - тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) тұратын отбасының әр мүшесіне, бір бөлмелі пәтерде (тұрғын үй-жайда) тұратындар үшін 18 шаршы метрді құрайды. Көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;

      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:

      газды тұтыну нақты шығындар бойынша, бірақ мынадан артық болмауы тиіс:

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде, орталықтандырылған ыстық су болған жағдайда - айына бір адамға 8 килограмм;

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде, орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда - айына бір адамға 10 килограмм.

      Баллон газы екі қабаттан аспаған тұрғын ғимараттың пәтерлерінде есепке алынады;

      қатты отынды тұтыну:

      1 шаршы метр алаңды жылытуға:

      1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін: 1-2 қабатты үйлер - 161 килограмм, 3-4 қабатты үйлер – 98 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде);

      1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін: 1-2 қабатты үйлер - 125 килограмм, 3-4 қабатты үйлер – 72 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде).

      Тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Балқаш қаласында қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;

      отбасына электр қуатын тұтыну нақты шығындар бойынша, бірақ мынадан артық болмауы тиіс:

      газ плитасымен жабдықталған үйлерде - 150 киловатт;

      электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловатт;

      3) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары, басқару нысанына байланыссыз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай, басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызметтерді жеткізушілермен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді;

      4) төлемге жататын тұрғын үйді күтіп-ұстау, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу.

      Күрделі жөндеудің жекелеген кезектілігі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісіліп, үй пәтерлердің меншік иелерінің жалпы жиналысындағы шешімімен анықталады.

      7. Тұрғын үйді күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну және күнделікті эксплуатациялық шығындарды, жергiлiктi атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына жұмсалатын шығындарды белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну төлемі жалпы негізде жүргізіледі.

      8. Телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы арттырылуының сомасына Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте өтемақы белгіленеді.

      Ескерту. 8 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.07.18 N 6/55 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

3.Тұрғын үй көмегінің тағайындау және төлеу тәртібі

      9. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркелген жеке тұлғаларға тағайындалады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      10. алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.07.18 N 6/55 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      11. Тұрғын үйде бірнеше меншік иесі тұрған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау отбасы құрамындағы басқа меншік иелерін есепке алып ұсынылған өтініштің себептері бойынша бір ғана тұлғаға жүргізіледі.

      12. Тұрғын үй көмегі көрсету кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.

      13. алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.07.18 N 6/55 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      14. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді жұмыс істемейтін отбасы мүшелерімен сонымен қоса, 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі.

      15. Дау жанжал немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.

      16. Тұрғын үйді күтіп-ұстау, коммуналдық және эксплуатациялық қызметтерді, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына жұмсалатын шығындары үшін нақты есептелген сома туралы мәліметтер уәкілетті органның сұранымы бойынша қызмет көрсетушілермен қағаз немесе электрондық жеткізілімде, не жеке тұлғалармен қағаз жеткізілімде беріледі.

      17. Тұрғын үй көмегінің төлемдері қолма қол немесе қолма қол емес нысанда түрінде уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Қолма қол емес – кондоминиум объектісін басқару органдарының, қызмет жеткізушінің есеп шоттарына, бұдан әрі алушының жеке шотына ақшалай каражатты аудару жолы.

      Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюына байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Қолма қол нысаны екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің тиісті лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді.

      Ескерту. 17 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.07.18 N 6/55 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      18. Өткен ай үшін тұрғын үй көмегін төлеу қаржыландыру мүмкіндігіне қарай жүргізіледі.

      19. Тұрғын үй көмегі төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі

      20. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген айдан бастап, ағымдағы тоқсанның аяғына дейін тағайындалады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      21. Тұрғын үй көмегін алушылар он жұмыс күннің ішінде тұрғын үй көмегін тағайындауына немесе мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органға хабарлауы қажет.

      Өтемақының артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді өтініш берушімен берген үшін тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады, ал заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.

      22. Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне әсер ететін жағдай туындағанда, тиісті өзгерістер болған сәттен бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылардың қайта есептеуі жүргізіледі.

5. Өтініш білдіру және тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі

      23. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінішті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттармен қоса береді.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 23-5 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      23-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Ереже 23-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      23-2. Осы Ереженің 23 тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Ереже 23-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      23-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Ереже 23-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      23-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Ереже 23-4-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      23-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Ереже 23-5-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      23-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Ереже 23-6-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      24. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының жеке ісі түзіледі. Ай сайын тұрғын үй көмегін тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 24.08.2016 N 4/50 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.

      25. Қажеттілігіне қарай уәкілетті органның тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруді. Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тіркеледі.

      26. Тапсырылған мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда, тұрғын үй көмегін алуға үміткер адам туралы қажетті ақпаратты уәкілетті орган сұраныс жасайды.

      27. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 18.03.2020 № 37/304 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

  Балқаш қаласы тұрғындарына
тұрғын үй көмегін
көрсету Ережесіне
1 қосымша

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Балқаш қаласы тұрғындарына
тұрғын үй көмегін
көрсету Ережісіне
2 қосымша

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Балқаш қаласы тұрғындарына
тұрғын үй көмегін
көрсету Ережісіне
3 қосымша

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 27.08.2018 № 22/195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады