"Сайлау учаскелерін құру туралы" қала әкімінің 2007 жылғы 11 мамырдағы N 28ш шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімінің 2011 жылғы 14 ақпандағы N 01 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 наурызда N 8-6-118 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімінің 05.03.2014 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін, жергілікті жағдаяттарды ескере отырып, сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында ШЕШІМ ЕТТІМ:
      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" қала әкімінің 2007 жылғы 11 мамырдағы N 28ш шешімінің (2007 жылғы 16 мамырда Қарағанды облысы Әділет департаменті Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында N 8-6-47 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2007 жылғы 18 мамырдағы N 56 (1464) ресми жарияланған) қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
      "N 460 сайлау учаскесі" абзацындағы "(сайлау учаскесінің орналасқан жері – N 1 кәсіптік мектеп)" сөздері "(сайлау учаскесінің орналасқан жері – Сәтбаев қаласының емханасы)" сөздеріне ауыстырылсын;
      "N 471 сайлау учаскесі" абзацындағы "(сайлау учаскесінің орналасқан жері – N 3 кәсіптік мектебі)" сөздері "(сайлау учаскесінің орналасқан жері – N 3 кәсіптік лицей)" сөздеріне ауыстырылсын;
      "N 472 сайлау учаскесі" абзацындағы "(сайлау учаскесінің орналасқан жері – N 1 лицей - мектебі)" сөздері "(сайлау учаскесінің орналасқан жері – N 1 гимназия мектебі)" сөздеріне ауыстырылсын;
      "N 473 сайлау учаскесі" абзацындағы "(сайлау учаскесінің орналасқан жері – N 1 лицей - мектебі)" сөздері "(сайлау учаскесінің орналасқан жері – N 1 гимназия мектебі)" сөздеріне ауыстырылсын;
      "N 481 сайлау учаскесі" абзацындағы "(сайлау учаскесінің орналасқан жері – "Горняк" мәдениет үйі)" сөздері "(сайлау учаскесінің орналасқан жері – Жезқазған кентінің N 2 орта мектебі)" сөздеріне ауыстырылсын;
      "N 787 сайлау учаскесі" абзацындағы "(сайлау учаскесінің орналасқан жері – "Горняк" мәдениет үйі)" сөздері "(сайлау учаскесінің орналасқан жері – Жезқазған кентінің N 2 орта мектебі)" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы А.С. Нысанбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жариялағаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі                    С.Т. Медебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады