Ақсуат ауылдық округінің, Жақыпбек Маханбетов ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 09 тамыздағы N 192 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2011 жылы 07 қыркүйекте N 10-1-185 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 35-бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2011 жылғы 24 мамырдағы Қызылорда қаласының әкімі жанындағы ономастикалық комиссия отырысының 2/3 ұйғарымы және Ақсуат ауылдық округі, Жақыпбек Маханбетов ауылы тұрғындарының 2011 жылғы 17 мамырдағы N 1 хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Сызбалық картаға байланысты Ақсуат ауылдық округі, Жақыпбек Маханбетов ауылында орналасқан көшелерге:
      N 1 көшесі, N 1 А көшесі, N 1 Б көшесі, N 2 көшесі, N 2 А көшесі, N 3 көшесі, N 3 А көшесі, N 4 көшесі, N 4 А көшесі, N 5 көшесі, N 5 А көшесі, N 6 көшесі, N 7 көшесі, N 8 көшесі, N 9 көшесі, N 9 Б көшесі, N 11 көшесі, N 11 А көшесі, N 11 Б көшесі, N 13 көшесі, N 15 көшесі, N 17 көшесі, N 29 көшесі, N 31 көшесі, N 33 көшесі, N 33 А көшесі, Абай Құнанбаев көшесі, Амангелді Иманов көшесі, Ардагерлер көшесі, Ардагерлер тұйығы, Бәйтен көшесі, Бесарық көшесі, Гараж 2 көшесі, Гараж 3 көшесі, Жаңадария көшесі, Лагерь көшесі атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Ақсуат ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші маманы Н. Байтургановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және оның ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы                    Б. Белгибаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады