Ақжарма ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 қазандағы N 27 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2011 жылы 15 қарашада N 10-1-193 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148 Заңының 35-бабын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасын, 2011 жылғы 24 мамырдағы Қызылорда қаласының әкімі жанындағы ономастикалық комиссия отырысының 2/3 ұйғарымы негізінде және Ақжарма ауылдық округі тұрғындарының 2011 жылғы 16 мамырдағы N 1 хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Сызбалық картаға сай Ақжарма ауылдық округі, Ақжарма ауылында орналасқан көшелерге келесі атаулары берілсін:
      Абай Құнанбаев көшесі, Амангелді Иманов көшесі, Кенесары көшесі, Шәкәрім Құдайбердиев көшесі, Мәншук Мәметова көшесі, Әлия Молдағұлова көшесі, Ғани Мұратбаев көшесі, Мұстафа Шоқай көшесі, Тоғай көшесі, Тоғай-1 көшесі, Тоғай-2 көшесі;
      2. Сызбалық картаға сай Ақжарма ауылдық округі, Талдыарал ауылында орналасқан көшелерге келесі атаулары берілсін:
      Талдыарал көшесі, Төрттам көшесі;
      3. Сыбалық картаға сай Ақжарма ауылдық округі, Құбас елді мекенінде орналасқан көшесіне - Құбас көшесі атауы берілсін.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Ақжарма ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Ә. Мусабаевқа жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      ӘКІМ                                  А. АРЫСТАНОВ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады