"2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 қарашадағы N 37 қаулысы. Қызылорда облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 05 желтоқсанда N 10-4-161 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 09 ақпандағы N 58 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012.02.09 N 58 Қаулысымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 109 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 5 сәуірде 10-4-146 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қазалы" газетінің 2011 жылғы 9 сәуірдегі N 33 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының 1-қосымшасындағы:
      аудандық шақыру комиссиясының құрамына "Қазалы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Бекжанов Еркебұлан Маратұлы комиссия төрағасының орынбасары болып енгiзiлсiн;
      аталған комиссия құрамынан Рахметов Ғалымжан Өмірзақұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Жолтаевқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                            С. Аманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады