"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2011 жылғы 31 тамыздағы N 45-3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 22 қыркүйекте N 10-6-193 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі N 11-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012.09.26 N 11-6 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 4 бабының 3-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-6-127 болып тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2009 жылғы 14 қазандағы N 81 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы мен 1-тармағындағы және аталған шешіммен
бекітілген Нұсқаулықтың бүкіл мәтіні бойынша "Ауылдық елді мекендерде
тұратын және жұмыс істейтін, мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына" деген сөздер "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Нұсқаулықтың 1 бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Нұсқаулықты қабылдаудың құқықтық негізі "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңдары болып табылады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХХХХV-сессиясының төрағасы                     С. НУРГАЛИЕВ

      Аудандық мәслихат хатшысы                      К. СҮЛЕЙМЕНОВ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады