"Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 наурыздағы N 27-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2011 жылғы 05 қыркүйектегі N 46-3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 28 қыркүйекте N 10-6-195 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы N 7-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2012.06.15 N 7-3 шешімімен.

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 46-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2010 жылғы 3 наурыздағы N 27-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-6-142 болып тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 25 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы шешіммен бекітілген аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
      2-тармақтағы "кондоминимум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға" деген сөздер "тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлеміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "жергілікті" деген сөз алынып тасталсын;
      10-тармақтағы "(қатты отын)" деген сөздер алынып тасталсын;
      18-тармақта:
      бірінші абзацтағы:
      "азаматтарға" деген сөз "отбасыларға (азаматтарға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жергілікті бюджеттің" деген сөздер "бюджет қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1 адамға қызмет көрсетушінің ұсынған нормалары мен тарифтері бойынша.";
      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Отын пайдалану нормасы:
      Отын пайдалану әр отбасыларға (азаматтарға) от жағу маусымына: қазан, қараша айларына 0,5 тонна, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларына 1 тонна, наурыз, сәуір айларына 0,5 тоннадан.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жалағаш аудандық мәслихатының қаржы және бюджет, әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Таттибаев) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың
      XХХХVІ-сессиясының төрағасы                С. НУРГАЛИЕВ

      Аудандық мәслихат хатшысы                  К. СҮЛЕЙМЕНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады