Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 16 наурыздағы N 305 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 01 сәуірде N 10-8-144 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы N 60 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 60 шешімімен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес, Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу орындары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХХХІІ сессиясының төрағасы                      С. Отызбаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                    А. Атақаев

      Сырдария аудандық мәслихаттың
      2011 жылғы "16" наурыздағы
      N 305 шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу орындары

р/н N Елді мекендер атауы Өткізетін орындар

1

Тереңөзек кенті

Қонаев көшесі, 7 мекен жайда орналасқан аудандық мәдениет үйі және Қонаев – Аманкелді – Абай көшелерінің қиылысында орналасқан орталық алаң.

2

А.Тоқмағанбетов ауылдық округі

Ташимов көшесі, 3 мекен жайда орналасқан ауылдық клуб және ғимараттың алдындағы алаң.

3

С.Сейфуллин ауылдық округі.

Бұхарбай батыр көшесі, 13 мекен жайда орналасқан ауылдық клуб және ғимараттың алдындағы алаң.

4

Қалжан ахун ауылдық округі

Қайқы көшесі, 21 мекен жайда орналасқан ауылдық мәдениет үйі және ғимараттың алдындағы алаң.

5

Құндызды ауылдық округі

Қызылдихан көшесі,7 мекен жайда орналасқан ауылдық клуб және ғимараттың алдындағы алаң.

6

Іңкәрдария ауылдық округі

Ғани Мұратбаев көшесі, 17 мекен жайда орналасқан ауылдық клуб және ғимараттың алдындағы алаң.

7

Ақжарма ауылдық округі

Т.Балапанов көшесі, 24 мекен жайда орналасқан ауылдық мәдениет үйі және ғимараттың алдындағы алаң.

8

Шаған ауылдық округі

Есет би көшесі, 16 мекен жайда орналасқан ауылдық мәдениет үйі және ғимараттың алдындағы алаң

9

Н.Ілиясов ауылдық округі

Абай көшесі, 15 мекен жайда орналасқан ауылдық мәдениет үйі және ғимараттың алдындағы алаң.

10

Шіркейлі  ауылдық округі

Құттыбаев көшесі, 3 мекен жайда орналасқан ауылдық мәдениет үйі және ғимараттың алдындағы алаң.

11

Қоғалыкөл ауылдық округі

М.Әуезов көшесі, 3 мекен жайда орналасқан ауылдық клуб және ғимараттың алдындағы алаң.

12

Бесарық ауылдық округі

М.Әуезов көшесі, 24 мекен жайда орналасқан ауылдық мәдениет үйі және ғимараттың алдындағы алаң.

13

Аманкелді ауылдық округі

Қ.Баймағанбетов көшесі, 41 мекен жайда орналасқан ауылдық мәдениет үйі және ғимараттың алдындағы алаң.

14

Жетікөл ауылдық округі

Абай көшесі, 1 мекен жайда орналасқан ауылдық клуб және ғимараттың алдындағы алаң.

15

Айдарлы ауылдық округі

М.Әуезов көшесі, 20 мекен жайда орналасқан ауылдық клуб және ғимараттың алдындағы алаң.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады