Шиелі ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2011 жылғы 02 наурыздағы N 43/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 15 наурызда N 10-9-195 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 маусымдағы N 5/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2012.06.12 N 5/6 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына сәйкес аудандық мәслихат (кезектен тыс ХХХХІІІ сессия) ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Шиелі ауданы аумағында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу орындары қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Төмендегі мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) "Шиелі ауданында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 10-9-28 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 91 шығарылымында жарияланған) 2005 жылғы 23 қазандағы N 17/4 шешімі;
      2) "Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 23 қазандағы "Шиелі ауданында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібінің Ережесін бекіту туралы" N 17/4 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 2 қарашадағы N 10-9-95 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 07 қарашадағы N 100 /7716/ шығарылымында жарияланған) 2009 жылғы 15 қазандағы N 21/3 шешімі.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы                        Н. Палымбет

      Аудандық мәслихат хатшысы             С.Қ. Оразымбетов

      2011 жылғы 2 наурыздағы
      N 43/3 шешiміне қосымша

       Шиелі ауданы аумағында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу орындары

N р/с Өтетін елді мекен Өткiзу орны

1

Шиелі ауданы, Шиелі кенті

1. Орталық алаң;
2. "Арман" клуб үйі алдындағы алаң;
3. Жүргенов көшесінің аяғындағы "Қызылорда облысының білім басқармасының N 3 облыстық балалар оңалту орталығы" мемлекеттік мекемесінің жаны

2

"Ақмая" ауылдық округі, "Ақмая" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Ақмая ауылдық клуб Үйі алдындағы алаң

3

"Алмалы" ауылдық округі, "Алмалы" ауылы

М.Дулатов көшесі бойындағы "Нұргүл" дүкені жанындағы алаң

4

"Ақтоған" ауылдық округі, "Досбол" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты "Досбол" ауылдық клуб Үйі алдындағы алаң

5

"Бәйгеқұм" ауылдық округі, "Бәйгеқұм" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Бәйгеқұм ауылдық клуб Үйі алдындағы алаң

6

"Бестам" ауылдық округі, "Бестам" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Бестам ауылдық клуб Үйі алдындағы алаң

7

"Гигант" ауылдық округі, "Бидайкөл" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты "Бидайкөл" ауылдық мәдениет Үйі алдындағы алаң

8

"Еңбекші" ауылдық округі, "Еңбекші" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты "Еңбекші" ауылдық клуб Үйі алдындағы алаң

9

"Ортақшыл" ауылдық округі, "Ортақшыл" ауылы

Абай көшесі мен Алтынсарин көшелерінің қиылысы

10

"Жуантөбе" ауылдық округі, "Алғабас" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Алғабас ауылдық клуб үйі алдындағы алаң

11

"Жөлек" ауылдық округі, "Жөлек" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Жөлек ауылдық мәдениет Үйі алдындағы алаң

12

"Жиделіарық" ауылдық округі, "Жиделіарық" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Жиделіарық клуб Үйі алдындағы алаң

13

"Жаңатұрмыс" ауылдық округі, "Байсын" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Байсын ауылдық клуб Үйі алдындағы алаңы

14

"Иіркөл" ауылдық округі, "Жахаев" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Жахаев ауылдық мәдениет Үйі алдындағы алаң

15

"Керделі" ауылдық округі, "Н.Бекежанов" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Нартай ауылдық мәдениет Үйі алдындағы алаң

16

"Қарғалы" ауылдық округі, "Бұланбай бауы" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Қарғалы ауылдық клуб Үйі алдындағы алаң

17

"Қоғалы" ауылдық округі, "Ботабай" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Ботабай ауылдық клуб үйі алдындағы алаң

18

"Майлытоғай" ауылдық округі, "Майлытоғай" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Майлытоғай ауылдық клуб Үйі алдындағы алаң

19

"Сұлутөбе" ауылдық округі, "Сұлутөбе" ауылы

"Мұстафа Шоқай-Ыдырыс" Жауапкершілігі Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі ғимаратының жаны

20

"Тартоғай" ауылдық округі, "Тартоғай" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Тартоғай ауылдық клуб Үйі алдындағы алаң

21

"Талаптан" ауылдық округі, "Бала би" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Бала би ауылдық мәдениет Үйі алдындағы алаң

22

"Телікөл" ауылдық округі, "Ә.Тәжібаев" ауылы

"Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты "Қызылдихан" ауылдық клуб Үйі алдындағы алаң

23

"Төңкеріс" ауылдық округі, "Ш.Қодаманов" ауылы

Орталық көшедегі "Қаптағай-К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты жанындағы алаң

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады