Ақтау қаласы аумағында сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй - жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтау қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы № 205 Қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 02 наурызда № 11-1-150 тіркелді. Күші жойылды - Ақтау қала әкімдігінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 1510 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтау қала әкімдігінің 2011.11.25  №  1510 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28 бабының 46 - тармақтарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың Ақтау қаласы бойынша сайлаушылармен кездесу өткізу үшін келісімшарт негізінде үй - жайлар тізбесі 1 - қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың Ақтау қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі 2 - қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Елтизаровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              О. Қазақбаев

Ақтау қаласы әкімдігінің
01 наурыздағы 2011 жылғы
№ 205 қаулысына 1 - қосымша

Ақтау қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізуі үшін үй - жайлардың және орындардың тізбесі

Қала мен елді мекендердің атауы

Кездесулер өтетін орындар

Ақтау қаласы

«Абай» атындағы мәдени-демалыс кешені, «Астана» алаңы.

Ақтау қаласы әкімдігінің
01 наурыздағы 2011 жылғы
№ 205 қаулысына 2 - қосымша

Ақтау қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындардың тізбесі

Қала және елді мекеннің атауы

Орналасу орны

Ақтау қаласы

14 ш/а, «Астана» сауда орталығы жанында орналасқан билборд конструкциясы (№ 27 тақта)

14 ш/а, 19-үйге қарама-қарсы (№ 18 тақта)

5 ш/а, Ж. Мыңбаев ескерткішіне қарама-қарсы (№ 20 тақта)

4 ш/а «Рибок» дүкені (№ 29 тақта)

7 ш/а, қалалық емханаға қарама-қарсы аялдаманың жаны (№ 22 тақта)

7 ш/а, 12-үйге қарама-қарсы (№ 21 тақта)

11 ш/а, «Ынтымақ» алаңы, «Звезда Актау» бизнес орталығына қарама-қарсы (№ 36 тақта)

14 ш/а, «Қазақтелеком» ғимаратының жаны (№ 5 тақта)

13 ш/а, «Тамшалы» үйінің жаны (№ 56 тақта)

27 ш/а, мешітке қарама-қарсы (№ 72 тақта)

26 ш/а, «Достық» сауда орталығы (№ 46 тақта)

12 ш/а, «Ақтау» сауда ойын-сауық кешені (№ 40 тақта)

30 ш/а, Сары базарға қарама-қарсы (№ 52 тақта)

«Асар-С» базары, «Айби» жанар-жағармай станциасына қарама-қарсы (№ 13 тақта)

8 ш/а, 8-үй, «Тұрмыс үйі» ғимаратына қарама-қарсы (№ 7 тақта)

1 ш/а, облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының ғимараты (1 тумба)

Маңғыстау гуманитарлық колледжі жанындағы аялдама (1 тумба)

8 ш/а, 20-үйдің жанындағы аялдама (1 тумба)

8 ш/а, «ПУС» ғимаратының жанында (1 тумба)

8 ш/а «КВЦ» ғимаратының жанында (1 тумба)

11 ш/а, «Юность» сауда орталығының жанындағы аялдама (1 тумба)

26 ш/а, «Достық» сауда орталығының жанындағы аялдама (1 тумба)

5 ш/а, облыстық филармония ғимаратының жанында (1 тумба)

Өмірзақ селосы

МУ-3, «Рауан» және «Приморский», Приозерный-1, Приозерный-2, Приозерный-3 орталық көшелеріндегі аялдамаларға орнату. 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қалалық сайлау комиссиясының
      төрағасы Т. Сатыбалдиев
     01 наурыз 2011 ж.

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Өмірзақ селосының әкімі
      Н. Дүйсенов
      01 наурыз 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады