"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 16/111 шешіміне өзгеріс енгізу туралы "

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2011 жылғы 24 тамыздағы № 43/309 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 27 қыркүйекте № 11-2-172 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы мәслихатының 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 11/105 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы   мәслихатының 2012.12.11  № 11/105 шешімімен
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 40 бабына және"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасынының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 - II Заңының 7 - бабының 5 тармағына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 25 мамырда 11-2-108-нөмірмен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің 2009 жылғы 10 маусымдағы 23 - нөмірінде жарияланған) Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 16/111 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің 1- тармағындағы «12 000» саны «12 100» санымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         С.Мамаев

      Қалалық Мәслихат
      хатшысы                                 С. Машқұлов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Н. Ғұмарова
      24 тамыз 2011 ж.

      «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Ж.А. Бекова
      24 тамыз 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады