Аудан әкімінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 3 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының әкімінің 2011 жылғы 09 қыркүйектегі № 4 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 13 қазанда № 11-3-124 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 15.05.2017 .№ 1 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23 - бабына сай ШЕШЕМІН:

      1. Аудан әкімінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 3 "Сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 18 мамырда № 11-3-119 болып енгізілген, аудандық "Рауан" газетінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 20 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің 1 - қосымшасында:

      № 180 сайлау учаскесіне қатысты бөлігі тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"№ 180 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Атамекен орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы:Бейнеу селосындағы Б.Майлин көшесіндегі № 81 - 240 үйлер, Қ.Сәтбаев көшесіндегі № 147 - 280 үйлер, Т.Рысқұлов көшесіндегі № 139 - 280 үйлер, Балуанияз көшесіндегі № 166 - 280 үйлер, Қ.Тоқсанбайұлы көшесіндегі № 162 - 280 үйлер, Амантұрлы көшесіндегі № 147 - 280 үйлер, Асау батыр көшесіндегі № 143 - 280 үйлер, Қалнияз ақын көшесіндегі № 73 - 120 үйлер, Рзаевтар көшесіндегі № 49 - 150 үйлер, Сүгір Бегендікұлы көшесіндегі № 1 - 100 үйлер және Аманбай Ата, Ш.Шыңғысов, А.Өтеуов, Матай, Қайдақ, Достық, Ынтымақ, Бірлік, Білеулі, Белдеулі, Жезді, Аспантай, У.Қайралапов, Ә.Жаманбаев, Қ.Жылқыбаев, Тұрыш ата, Қарақоға, Қарағайлы, Шоғы, Қосарқан, Шахан, Уәлі, Сайқұдық, Опорная, Мұрын, Манашы, Айрақты, Жайылған, Дағар, Шаршы, Шүңкілдек, Күйкен, Құсшы, Есенқазақ, Теректі, Лабақ батыр, Бопай ханым, Әбілхайыр хан, Абылайхан көшелеріндегі үйлер.";

      шешімнің 2 - қосымшасында:

      № 84 сайлау учаскесі мен № 155 сайлау учаскесіне қатысты бөліктері тиісінше мынадай редакцияларда жазылсын:

"№ 84 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Үстірт орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы:Бейнеу селосындағы Ахтан Керейұлы көшесіндегі № 1 - 20 үйлер, Ерменбет би көшесіндегі № 1 - 26 үйлер, Тұрманбет батыр көшесіндегі № 1 - 27 үйлер, Ә.Өтеғұлұлы көшесіндегі № 1 - 27 үйлер, Т.Шыршығұлұлы көшесіндегі № 1 - 29 үйлер, Т.Алдашұлы көшесіндегі № 1 - 29 үйлер, Досат көшесіндегі № 101 - 117 үйлер, М.Әуезов көшесіндегі № 71 - 85 үйлер, Атағозы батыр көшесіндегі № 51 - 85 үйлер және С.Қилыбаев, Сейфуллин, Барақ батыр, Құлша Тілеуұлы, Жамбыл, Абай, Құрманғазы, Тоқабай Құрмаш, И.Сүйеубаев, Ә.Жангелдин көшелеріндегі үйлер.";

"№ 155 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Манашы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу селосындағы Қ.Сәтбаев көшесіндегі № 87 - 146 үйлер, Т.Рысқұлов көшесіндегі № 81 - 138 үйлер, Балуанияз көшесіндегі № 41 - 165 үйлер, Қ.Тоқсанбайұлы көшесіндегі № 41-161 үйлер, Амантұрлы батыр көшесіндегі № 41 - 146 үйлер, Асау батыр көшесіндегі № 41 - 142 үйлер, Қалнияз ақын көшесіндегі № 21 - 72 үйлер, Рзаевтар көшесіндегі № 1-48 үйлер, Досат көшесіндегі № 1 - 100 үйлер, М.Әуезов көшесіндегі № 1-70 үйлер, Атағозы батыр көшесіндегі № 1 - 50 үйлер, Самалық батыр көшесіндегі үйлер.".

      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Қ. Әбілшеев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бейнеу аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      К.Аймағамбет

      09 қыркүйек 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады