Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2011 жылғы 20 мамырдағы № 305 шешімі. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 мамырда № 9-5-123 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы, 3-тармағы 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет ұсыну стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулысымен, Алтынсарин ауданы әкімінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 02-16/623 хатын қарастырып, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға мың бес жүз есе айлық есептік көсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі 2011 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2011.08.17 № 318 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық
      мәслихаттың
      кезекті он алтыншы
      сессиясының төрағасы                       П. Урбанович

      Алтынсарин аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Т. Құлмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Алтынсарин ауданының
      кәсіпкерлік және ауыл
      шаруашылығы бөлімі"
      ММ бастығы
      _________ А. Кенжеғарин

      "Алтынсарин ауданының
      экономика және қаржы
      бөлімі" ММ бастығы
      ____________ Е. Павлюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады