Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 57 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 ақпанда № 9-8-169 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 58 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 11.03.2014 № 58 қаулысымен.

      1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Денисов аудандық сайлау комиссиясымен Денисов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары қосымшаға сәйкес анықталсын, көрсетілген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі                    В. Ионенко

      КЕЛІСІЛДІ:

      Денисов аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      _____________ А. Зимовец
 

Әкімдіктің        
2011 жылғы 21 ақпандағы 
№ 57 қаулысына қосымша  

Денисов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін ОРЫНДАРЫ

Елді-мекеннің
атауы
үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орын
1 2 3

1

Денисовка
селосы

Калинин-Нұрпеисов, Калинин-Ленин,
Амангелді - Элеваторная көшелерінің
қиылысы

2

Глебовка селосы

"Тобыл селолық округі әкімінің
аппараты" мемлекеттік мекемесі
ғимаратының жанында

3

Антоновка
селосы

"Тельман селолық округі әкімінің
аппараты" мемлекеттік мекемесі
ғимаратының жанында

4

Покровка селосы

"Покров селолық округі әкімінің
аппараты" мемлекеттік мекемесі
ғимаратының жанында

5

Фрунзенское
селосы

"Фрунзе орта мектебі" мемлекеттік
мекемесі ғимаратының жанында

6

Әйет селосы

Клубная көшесі, орталық алаңында

7

Заәйет селосы

"Заәйет орта мектебі" мемлекеттік
мекемесі ғимаратының жанында

8

Свердловка
селосы

Набережная көшесі, "Свердлов селолық
округі әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі ғимаратының жанында

9

Аршалы селосы

Центральная көшесі, "Аршалы селолық
округі әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі ғимаратының жанында

10

Приреченка
селосы

"Приречен орта мектебі" мемлекеттік
мекемесі ғимаратының жанында

11

Комаровка
селосы

Центральная көшесі, "Комаровка"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің кеңсе ғимаратының
жанында

12

Қырым селосы

Ленин көшесі, "Крымское"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің кеңсе ғимаратының
жанында

13

Перелески
селосы

"Перелески орта мектебі" мемлекеттік
мекемесі ғимаратының жанында

14

Жалтыркөл
селосы

"Баталы орта мектебі" мемлекеттік
мекемесі ғимаратының жанында

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады