Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 6 қаулысы. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 ақпанда № 9-9-128 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 03.02.2014 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жангелдин ауданы әкімінің аппарат басшысы Т.Қ. Амировке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин ауданының әкімі                  Н. Төлепов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жангелді аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      ______________ Қ. Әлібек
 

Әкімдіктің       
2011 жылғы 21 ақпандағы 
№ 6 қаулысына қосымша  

Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін ОРЫНДАР

Елді-мекендер Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар

1

Торғай селосы

Жангелдин ауданының мәдениет,
тілдерді дамыту, дене шынықтыру және
спорт бөлімінің "Н. Ахметбеков
атындағы Мәдениет үйі" мемлекеттік
мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Қостанай облысы әкімдігі туризм,
дене шынықтыру және спорт
басқармасының "Жангелдин аудандық
балалар-жасөспірмдер спорт мектебі"
мемлекеттік мекемесі ғимараты
жанындағы тақта;
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Жангелдин аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік мекемесі
ғимараты жанындағы тақта.

2

Тәуіш селосы

"Жангелдин ауданы Жаркөл ауылдық
округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі ғимараты
жанындағы тақта;
Тәуіш селолық кітапханасы жанындағы
тақта.

3

Сужарған селосы

"Қанапии Қойдосов атындағы орта
мектеп" мемлекеттік мекемесі
ғимараты жанындағы тақта;
Сужарған селосы клубы жанындағы
тақта.

4

Саға селосы

Жангелдин ауданының білім беру
бөлімінің "Мыржақып Дулатов атындағы
орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
ғимараты жанындағы тақта;
Қызбел селолық клубы жанындағы
тақта.

5

Қарасу селосы

Жангелдин ауданының білім беру
бөлімінің "Ахмет Байтұрсынов
атындағы орта мектебі" мемлекеттік
мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Қарасу селосы клубы жанындағы тақта.

6

Ақкөл ауылы

Ақкөл ауылдық кітапханасы жанындағы
тақта;
"Жангелдин ауданының Ақкөл ауылы
әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі ғимараты жанындағы тақта.

7

Көкалат селосы

Жангелдин ауданының білім беру
бөлімінің "Албарбөгет орта мектебі"
мемлекеттік мекемесі ғимараты
жанындағы тақта;
Көкалат селолық клубы жанындағы
тақта.

8

Аралбай селосы

"Жангелдин ауданының Аралбай селосы
әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Аралбай селолық клубы жанындағы
тақта.

9

Қалам-Қарасу
селосы

Жангелдин ауданының білім беру
бөлімінің "Ғафу Қайырбеков атындағы
орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
ғимараты жанындағы тақта;
Қалам-Қарасу селолық клубы жанындағы
тақта.

10

Ақшығанақ селосы

Ақшығанақ селолық кітапханасы
жанындағы тақта;
"Жангелдин ауданының Ақшығанақ
ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі ғимараты
жанындағы тақта.

11

Шеген селосы

"Жанкелдин ауданы Аманкелді атындағы
орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
ғимараты жанындағы тақта;
Шеген селолық клубы жанындағы тақта.

12

Милісай селосы

"Жангелдин ауданының Милісай селосы
әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
"Жангелдин ауданы Сырбай Мәуленов
атындағы орта мектебі" мемлекеттік
мекемесі ғимараты жанындағы тақта.

13

Шилі селосы

"Жангелдин ауданының Қайнекей
Жармағанбетов атындағы орта мектебі"
мемлекеттік мекемесі ғимараты
жанындағы тақта;
"Жангелдин ауданының Шилі селосы
әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі ғимараты жанындағы тақта.

14

Бидайық селосы

Жангелдин ауданының білім беру
бөлімінің "Бидайық негізгі мектебі"
мемлекеттік мекемесі ғимараты
жанындағы тақта.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады