Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 437 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 мамырда № 9-14-151 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие және көтерме жәрдемақы түрінде 2011 жылы ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және заңдылық мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       А. Фищук

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы
      әкімдігінің "Экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ З. Кенжегарина

      Қостанай ауданы әкімдігінің "Ауыл
      шаруашылық және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________________ М. Сартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады