Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 шешімі. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 қаңтарда № 9-15-164 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 2012.07.27 № 88 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 2012.07.27 № 88 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               В. Леонов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара ауданының кәсіпкерлік,
      ауыл шаруашылық және ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ____________________ А. Ковальчук

      "Меңдіқара ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Г. Айсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады