Ауданның ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 368 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 сәуірде № 9-19-153 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 77 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 17.04.2013 № 77 хатымен).

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2-тармағына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ
      1. Ауданның ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрiндегі әлеуметтiк қолдау шаралары 2011 жылы ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2011.09.23 № 417 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен белгіленген мерзім және ставка бойынша беріледі.
      3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Кезектен тыс
      сессиясының төрайымы                       Р. Есеналина

       Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Вербовой

       КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының кәсіпкерлік
      және ауыл шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесі, бастық
      ________________ К. Аскаров

      "Ұзынкөл ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттiк мекемесі,
      бастық
      _______________ А. Сарсенова

      "Ұзынкөл ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесі, бастық
      _______________ Н. Абдрахманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады