"2011 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 90 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 мамырда № 9-19-155 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына20 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2011 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 45 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-19-148 тіркелген, 2011 жылғы 3 наурызда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасында "Жұмыс көлемі" бағанында "19050" деген сандар "152400" деген сандарға ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл
      ауданының әкімі                            Т. Ташмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттiк коммуналдық қазыналық
      кәсіпорны, бас дәрігер
      __________________ Қ.Ержанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады