Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 8 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы бойынша сайлау учаскелері туралы" N 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы N 47 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 желтоқсанда N 12-3-310 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 28 мамырдағы N 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 28.05.2013 N 10 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 8 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы бойынша сайлау учаскелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-285 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 ақпанда N 6 "Отарқа" және N 6 "Экибастузское обозрение" газеттерінде жарияланған) N 4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің қосымшасында:
      N 513 Промышленный сайлау учаскесінде "Абай көшесі, 152, "Мамандандырылған күзет қызметі бөлімі" мемлекеттік мекемесі, телефоны 75-91-86" сөздері мен сандары "Абай көшесі, 121а, "Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Қайнар" білім беру және бос уақытты қамту кешені" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, телефоны 33-89-21" сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы А.А. Құрмановаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

      КЕЛІСІЛДІ:

      Екібастұз қалалық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы              Б. Амантаев
      2011 жылғы 09 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады