2011 жылға ауданда төлемелі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 24 мамырдағы N 259/3 қаулысы. Павлодар облысы Ертіс ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 03 маусымда N 12-7-122 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы N 95/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2012.03.19 N 95/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5) тармақшасына20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, төлемелі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруын жетілдіру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      1) кәсіпорындар мен ұйымдардың, сұраныстар, ұсыныстардың, қаржыландыру көздерінің тізімдемесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес;
      2) төлемелі қоғамдық жұмыстары түрлерінің тізбесі осы қаулының  2 қосымшасына сәйкес.
      2. Төлемелі қоғамдық жұмыстарға "нысаналы топтар" ішінен жұмыссыздардың қатысу мерзімі 12 айға дейін белгіленсін.
      3. Төлемелі қоғамдық жұмыстардың қаржыландырылуы аудандық бюджет қаражатынан жасалсын. Төлемелі қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақыларының төлемі ең кіші еңбекақы көлемінде бекітілсін.
      4. Ауыл және ауылдық округ әкімдеріне:
      1) қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуын және орындалуын "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік Мекемесімен (бұдан әрі - Бөлім) жасалған келісім негізінде, орындалатын жұмыстардың көлеміне нарядтарды беру және орындалуының күнделікті бақылауын іске асыру жолмен қамтылсын;
      2) бөліммен бірлесе отырып, бюджеттік қаражатпен бекітілмеген,  санитарлық–экологиялық жағдайды жақсарту, елді мекендердің ұсталуы және басқадай әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша бірінші қатардағы мәселелерді орындау үшін, 1 және 2 қосымшаларына сәйкес, орындалатын жұмыстардың көлемін анықтау.
      5. Аудан әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) 2010 жылғы 22 ақпандағы "Аудандағы төлемелі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 53/1 (2010 жылы 1 сәуірде N 29-30 "Ертіс нүры" газетінде жарияланды);
      2) 2010 жылғы 10 қыркүйектегі "Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы "Ауданда төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 53/1 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 306/7 (2010 жылы 18 қарашада N 96 "Ертіс нүры" газетінде жарияланды).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынасына таралады.

      Аудан әкімі                                В. Левченко

Аудан әкімдігінің 2011 жылғы
24 мамырдағы N 259/3 қаулысына
1 қосымша        

Кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, сұраныстар,
ұсыныстар, қаржыландыру көздерінің тізімдемесі

N р/с Ұйымдар мен мекемелердің және кәсіпорындардың атауы Сұраныс қажеттілік білдіргендер/ /адам/ Бекітуге ұсыныс /адам/ Қаржылан дыру көзі

1

"Голубовка ауылы әкімінің  аппараты" мемлекеттік мекемесі

1

1

Аудандық бюджет

2

"Ағашорын ауыл округі әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі

3

3

Аудандық бюджет

3

"Аманкелді ауылы әкімінің  аппараты" мемлекеттік мекемесі

8

8

Аудандық бюджет

4

"И.Байзақов ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

20

20

Аудандық бюджет

5

"Қоскөл ауылы әкімінің  аппараты" мемлекеттік мекемесі

6

6

Аудандық бюджет

6

"Қарақұдық ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

15

15

Аудандық бюджет

7

"Қызылжар ауыл  округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

23

23

Аудандық бюджет

8

"Қосағаш ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

8

8

Аудандық бюджет

9

"Қызылқақ ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

2

Аудандық бюджет

10

"Ленин ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

6

6

Аудандық бюджет

11

"Луговой ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

12

12

Аудандық бюджет

12

"Майқоныр ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

8

8

Аудандық бюджет

13

"Панфилов ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

17

17

Аудандық бюджет

14

"Сілеті ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

18

18

Аудандық бюджет

15

"Северный ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

14

14

Аудандық бюджет

16

"Тоқта ауыл әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

4

4

Аудандық бюджет

17

"Ұзынсу ауыл округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі

2

2

Аудандық бюджет

18

"Ертіс ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

128

128

Аудандық бюджет

19

"Павлодар облысы Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

3

3

Аудандық бюджет


Барлығы

300

300

Аудандық бюджет

Аудан әкімдігінің 2011 жылғы
24 мамырдағы N 259/3 қаулысына
2 қосымша       

Төлемелі қоғамдық жұмыстары түрлерінің тізбесі

      1. Елді мекен аумақтарында қолмен тазарту жұмыстарын жүргізіп, тозығы жеткен құрылыстарды бұзып, көң-қоқыстан арылту, ағаш бұтақтарын, автожолдардың жол шетіндегі шөптерді шабу, қар және жолды қар үйінділерінен, көк тайғақтан тазарту жұмыстарын атқару.
      2. Жолдар құрылысы  жөндеуі, су құбырларын арналық кәріз жүйелерді салу, көктемгі сорғытқы жұмыстарын атқару.
      3. Әлеуметтік–мәдени саладағы объектілерге, қоғамдық ғимараттарға, тұрғын үйлерді жөндеу, оларды қайта қалпына келтіруінде қатысу.
      4. Мәдени және тарихи ескерткіштерін жөндеу және қалпына келтіру.
      5. Ауылдық елді мекендердің экологиялық сауықтырылды (көгалдандыру және көріктендіру).
      6. Мәдени саладағы ауқымды шараларын ұйымдастырылуына көмектесу (спорттық жарыстар, фестивальдар). Балалардың жазғы спорт алаңын, қысқы қалашықтарын, мұз айдындарын, шаңғы жолдарын салу, тұрғындарың қысқы және жазғы демалыстарын ұйымдастыру.
      7. Республикалық және аймақтық қоғамдық компанияларын өткізуге көмектесу (көпшіліктің ой пікіріне сауалнама, тұрғындар мен мал санағына қатысу).
      8. Ауданның қорғаныс бөліміне тіркеу және шақыру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету.
      9. Учаскелік комиссияларға аулалық тексеру жұмыстарын өткізуге көмек көрсету.
      10. Қоғамдық және әлеуметтік–мәдени маңызды нысандарын күзету және қоғамдық іс-шараларды өткізген кезіндегі қоғамдық тәртіпті қорғауға көмектесу.
      11. Жаппай санитарлық малға екпе егу, сою алаңдарында союға және таңбалау кезіндегі жұмыстарына қатысу.
      12. Малды қолдан ұрықтандыру жұмысына көмектесу.
      13. Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге жем-шөп, ағаш, көмір дайындаған кезде және басқа жұмыстарға көмектесу.
      14. Қосалқы жұмысшылар ретінде мектеп асханасының жұмысын атқаруына көмектесу.
      15. Әлеуметтік–мәдени салаларында және қоғамдық ғимараттарда пеш жағушы міндетін атқару.
      16. Ауыл және ауылдық округ әкімдері арқылы жеке шаруашылығы бақшашылық пен құс өсіру шаруашылығының  өнімін ұжымдық өндіру бойынша жұмысына көмек көрсету.

      Ескерту: Барлық жұмыс түрлері арнайы білімі жоқ тұлғаларға уақытша жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады